Шолаққорған ауыл округіне қарасты Абай елді мекенінде құлаған электр бағаналарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Аудан басшысы Мұхит Тұрысбековтің тапсырмасына сәйкес, өзге ауыл округтегі қалпына келтіру жұмыстарын аяқтаған барлық бригадалар мен техникалар осында жұмылдырылды.
Жауапты етіп бекітілген бөлім, мекеме басшылары арнайы бригадаларға қажетті жабдықтарды ұйымдастырып, жұмыстарды екі бағыттан, Абай және Қарабұлақ елді мекені тарапынан бастап, тиісті жұмыстарды бірге атқаруда.

Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы арнайы жұмыс басында болып, жұмыс барысын қатаң бақылады. Сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын жылдамдату мақсатында ертеңгі күнге қосымша тапсырмалар жүктеді.
