ҮКІМЕТ АУЫЛДАРДА 40 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЫН ТҮЗДІ

454 көрілім

Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын мәлімдеді.

«Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған. 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады. Жиын барысында 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады», – деді Әлихан Смайлов.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жобадағы іс-шаралар ауылдардың дамуына жаңа серпін беруі керек.

Ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметі бойынша, шекараға жақын жатқан ауылдарда 1,7 млн адам тұрып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы