ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 5237 АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

360 көрілім

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар.  Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілігі бар 5237 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген.

Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған.Оның ішінде,  835 азамат протез ортопедиялық құралдар, 179 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдармен 392 адам қамтамасыз етілген.Одан бөлек, мүгедектігі бар 408 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 115-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.

Жыл басынан бері, 2098 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген.

Автокөлікпен тасымалдауда 189 азамат инватакси, 16 тұрғын әлеуметтік такси қызметіне жүгінді.

Бүгінге дейін ерекше қажеттілігі бар 312 азамат қоларбамен қамтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы