СЭР ХОЛМСҚА ХАТ

449 көрілім

Артур Конан Дойл шығармаларын оқымаған, сюжеттер желісіне таң қалмаған адам жоқ болса керек. Осындай шығармалардың бірі де бірегейі «Шерлок Холмс және доктор Ватсонның хикаялары». 1887 жылы жарық көрген бұл шедевр қазіргі күнге дейін әлем әдебиетінің классикасы боп саналады. Ал осы шығарманың бас кейіпкерлері түгелімен сэр Конан Дойлдың қиялынан туындағаны туралы білесіз бе? Әлемде мыңдаған музейлер бар екені белгілі, ал әдеби шығарма кейіпкеріне арналған музей туралы естуіңіз бар ма? Осындай музейлердің біреуі қиялдан туған Шерлок Холмсқа арналған музей. Кез келген әдеби шығарма кейіпкері мұндай музеймен мақтана алмасы анық, көбінесе шығарма авторларына арналған мемориалды музейлердің бар екені туралы білеміз.

«Шерлок Холмс және доктор Ватсонның хикаялары» жарық көргелі бері халық шығармадағы мекенжайға хат жаза бастады. Бейкер-стрит солтүстікке қарай жалғасқан кезде, 215-тен 229-ға дейінгі үйлерді алып жатқан компания Шерлок Холмстың атына алынған хат-хабарларды өңдеу үшін бөлек қызметкер жалдауға мәжбүр болды. Хаттардың толассыз келуінің себінен 1909 жылы 27 наурызда «Шерлок Холмс» музейі ашылды. Алайда 1881-1904 жылдарында Лондонда мұндай мекенжай болмаған екен. Үйге тиісті белгіні ілу үшін «221 b Baker Street» деп аталатын компания ұйымдастырылды. Кейіннен қала әкімшілігі үйдің атауын заңдастырып, музей бүкіл әлемге танымал пошталық мекенжайды заңды түрде алды.

Яғни Бейкер көшесіндегі 214 нөмірлі үйден соң тағыда 229 нөмірге дейін жалғасатындай етіп көше создырылған екен. Осы әрекеттің өзінен біз Шерлок Холмстың осы ел үшін қандай мәнге ие екенін көруімізге болады. Тіпті әдеби кейіпкер Лондонның ұлттық брендіне айналған. Шерлок Холмс – қызықты, аты аңызға айналған әдеби кейіпкерлердің бірі. Қазіргі таңда тапқыр детектив өмір сүрген 221 b Baker Street үйіне туристер ағыны тоқтамайды.

Дәстүрлі ағылшын бөлмесінде отырып, Шерлок Холмстың үстеліндегі әртүрлі нысандарға қарап, қалпақ, түтікпен суретке түсіп, Хадсон ханымға сәлем беріп бір шыны шәй ішіп, сувенирлер сатып алуға мүмкіндік бар. Мұнымен қоса музейдің үшінші қабатында туристтерге осы дәуір атмосферасын сезіндіру үшін арнайы ХVІІІ ғасыр стилінде Королева Виктория заманындағы сэр Артур Конан Дойлдың шығармасындағы сипаттамаға сәйкес жиһаздалған қонақ үй орналасқан. Бүгін Бейкер-стрит, 221b мекенжайы бойынша Шерлок Холмсқа хат жазсаңыз, музей оны алады. Мүмкін хат жазармыз?

Д. ТАУАСАРОВА,

«Ұлы Дала Елі» орталығы қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы