САУРАН: МЕРЕКЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАДЫ

513 көрілім

Сауран ауданындағы Шорнақ мектебінде аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың қатысуымен ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған әкімнің қайырымдылық шыршасы өтті. Жаңа жылдық мерекелік шарада балғындардың жүзі бал-бұл жайнап, Жаңа жылды шаттыққа толы бағдарлама бойынша қызықты қарсы алды. Мерекелік кеште аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы балақайларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға мерекелік сыйлықтар табыстады.

– Сауран ауданы шын мәнінде 2022 жылда көп өзгерістер болды. Жасарған, жайнаған ауданымыз алдағы жылдары да жоғары қарқынмен түлей бермек. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары қарқын алып, бір-бірінен әдемі зәулім жаңа ғимараттар бой көтереді. Жаңа жылдан үлкен үміт пен жақсылықтар күтеміз. Жаңа жыл еліміздің жаңа дәуірін жалғастырады деп сенеміз. Ендеше, баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Балаларымыздың болашағы жарқын болсын! – деп игі тілегін жеткізді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.

Жаңа жылдық мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің және балалардың концерттік бағдарламасына ұласты.

«Сауран-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы