- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысынан Парламент Сенатының сайлауына 2 кандидат қатысады. Олардың бірі Жетісай ауданының әкімі болса, екіншісі Ордабасы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметін атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бастапқыда өз кандидатурасынан 6 үміткер ұсынған болатын. Нәтижесінде, бір үміткер отбасылық жағдайына байланысты құжаттарын кері қайтарып алған. Сондай-ақ, тағы бір кандитаттың мүлік салығы жөніндегі декларациясын тексеру кезінде шикілік шыққаны үшін тіркеуден алынды. 24 желтоқсан күні аймақта 4 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын бастағанымен, кейін оның екеуі өтінішін қайтарып алды.

Сонымен қатар, сайлауда 2 үміткер бақ сынамақ. Олардың бірі – Қадырбек Мұрат Болатұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары: заңгер, құқықтану магистрі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Жетісай ауданының әкімі.
Ал, екінші үміткер – Ақмұратов Мирамбек Жамаділұлы 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген. Алматы экономикалық университетінің түлегі. Қазіргі таңда Ордабасы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметін атқарады.
«Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 14 қаңтарға белгіленген сайлауға дайындық жұмыстарын қызу жүргізіп жатыр. Сайлау сағат 11:00-де басталады. Дайындық жұмыстары ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік бекітілген іс-шарасына байланысты талапқа сай атқарылды», – дейді облыстық Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауы 14 қаңтар күні өтеді.