Биылғы жылдың маңызды жаңалығы, қазақстандықтар 1,5 жыл бойы төлемдер мен бала күтімі бойынша жәрдемақы ала алады. Бұған дейін жәрдемақы 1 жыл ғана төленетін еді. Бұл жаңашылдық биыл босанған барлық әйелдерге де, 2022 жылы декреттік демалысқа шыққандарға да қатысты болады.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда, әйелдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болған және олар үшін қорға әлеуметтік аударымдар төлеген жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.

Егер әйелдің әлеуметтік аударымдары болмаса, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді алуға құқығы жоқ. Әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық табыс көзіне яғни еңбекке жарамсыздық күні санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен есептеледі, ол еңбекке жарамсыздық парағы берілген күндер санына бөлу арқылы айқындалады.
Әйелдерге босануға байланысты ауруға байланысты демалыс 126 күнге (босанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күн), кесір тілігімен босану немесе көп жүктілік кезінде – 140 күнге беріледі.
Айта кетсек, декреттік демалысқа шыққанға дейінгі әйелдің орташа табысы 200 мың теңге болса. Оған 126 күнге еңбекке жарамсыздық парағы беріледі. Коэффицент 4,2. Нәтижеге сәйкес, оның декреттік төлемі 840 мыңды құрайды, БЖЗҚ-ға аударымдардың 10% шегеріп, оның қолына 756 мың түседі.
Сондай-ақ, биыл жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемнің шекті шегі 1 852 200 теңгені құрайды.