ШЕТЕЛДЕН ӘКЕЛІНГЕН КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ ТӘРТІБІ 1 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

426 көрілім

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың мәлімдемесіне сүйенсек Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Заңға сәйкес осы аралықта жеңіл көліктер, толық салмағы 5 тоннаға дейін жететін шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар және толық салмағы 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк көліктерін заңдастыруға болады.

Бұл ереже рулі оң жақта орналасқан көліктерге де қатысты. Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жылына және экологиялық санатына қатысты талаптар қойылмайды», – деп мәлім етті Игорь Лепеха.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы