АҚШ-да өтетін ХХХ қысқы универсиадада Қазақстан намысын 78 спортшы қорғайды. Аталған шара «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Дүбірлі додада елімізден 78 спортшы қатысатын болады. XXX Қысқы Универсиаданың ресми ашылу салтанаты елорда уақытымен 05:50-ге белгіленген.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, он күн ішінде 12 спорт түрінен 86 жүлде жиынтығы иесін табады.
Бұған дейін универсиада тарихында мұнша медаль сарапқа салынбаған. Лейк-Плэсид-2023 ұйымдастыру комитеті өз тарапынан жарыстар күнтізбесіне шаңғы қоссайысы мен тұғырдан секіруді қосып отыр.
Әлемдік додаға 50 елден 1 443 атлет (832 ер, 611 әйел) қатыспақшы. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 78 спортшы сынға түссе, соның 14-і шаңғымен жарысуға шығады. Делегация құрамындағы бас бапкер Нұрберген Жұмағазиев бастаған 12 шорт-трекшіден қазақстандықтар үлкен үміт күтеді.
Олар шаңғымен жарысу, шорт-трек, биатлон, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру, қоссайыс, шайбалы хоккейден бақ сынайды.
Айта кетсек, Биатлон – 9, мəнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден 6 спортшы бақ сынайды. Сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан 2 адамнан бар. Шайбалы хоккейден ұлттық құрама сапында 21 студент бар.
Бұған дейін 1972 жылы әлем студенттерінің басын қосқан Лейк-Плэсид қаласы осымен екінші рет қысқы универсиаданы қабылдамақ.
