ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 5200-ДЕН АСА АЗАМАТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

570 көрілім

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 5437 тұрғын  медициналық құралдармен қамтамасыз етілді – деп хабарлайды yassy-tur.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде осы азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 835 азаматқа протез ортопедиялық құралдары, 179 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдармен 392 адам қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мүгедектігі бар 408 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 115-і ымдау тілі маманының қызметін алған.

Жалпы, Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат тіркелген. Былтыр 2098 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар табысталған. Автокөлікпен тасымалдауда 189 азамат инватакси, 16 тұрғын әлеуметтік такси қызметіне жүгінді. Бүгінге дейін ерекше қажеттілігі бар 312 азаматқа қоларба табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы