БАЛАҢЫЗ ТҮНДЕ ҮЙДЕ БОЛСЫН!

285 көрілім

«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Шараны өткізудегі мақсат —балалар еңбегі мен құқықтарын пайдалану фактілерін, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерлерде болуын анықтау.

Іс-шара барысында алкогольді ішімдіктер ішіп, тыныштықты бұзатын, түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерді заңды өкілдерінсіз жүргендер мен ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға итермелейтін адамдарды анықтау бойынша рейд өткізу жоспарланған.

Полицейлердің айтуынша, түнделетіп көше кезіп жүргендердің ата-анасына алдымен ескерту жасалады. Егер құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал ата-анасы ауылдық жерде немесе басқа қалада болса, кәмелетке толмаған баласын қараусыз қалдырмаудың барлық амалдарын қарастыруы керек.

Жалпы осы мәселе жөнінде Түркістан қалалық полиция басқармасының өкілдері балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру маңызды екенін алға тартады.

Ақпараттық ғасырда кәмелетке толмағандарды жеке тұлға етіп қалыптастыруда ата-анадан басқа қоғам мен мемлекет белгілі бір рөл атқарады. Себебі балалар оларды көбірек тыңдайды және қабылдайды. Қалай істеу керек, қайда бару қажет, кімге жүгінген дұрыс сол сияқты. Сонымен қатар білім беру жүйесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерді салу керек. Бұл барлық жерге бейнекамераларды қоюмен ғана шектелмеуі тиіс. Сонымен қатар, біздің балалар тәрбиесіне барынша ден қоюымыз маңызды. Бұл мектепке дейінгі, орта және жоғары білім алудың барлық кезеңін қамтиды.

Президент адам құқығын қорғау саласында бірінші кезекте тұрған халықаралық стандарттарды енгізу туралы үнемі айтатынын еске алсақ, онда балаларды қорғау бірінші орынға шығады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы