“ТЕЗ ШЕШІМ ҚАБЫЛДА, ӘЙТПЕСЕ ҮЛГЕРМЕЙСІҢ”. БҰЛ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

285 көрілім

“Тез шешім қабылда, әйтпесе үлгермейсің”, “Не болғанын түсінбей қалдым”, “Гипноз жасады ғой деймін”, “Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым”,-деген сөздерді Түркістан қалалық полиция басқармасына шағымданушылар жиі айтады. Неге дейсіз ғой? Себебі, телефон тұтқасының арғы жағындағы алаяққа сіздің жай қимылдағаныңыз тиімсіз. Ол көп жағдайда айласын іске асыру үшін аз уақытты қажет етеді. Уақыт созылған сайын оның құпиясы ашылып қалуы ғажап емес.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін бермеуді сұранады.
“Тез шешім қабылда, әйтпесе үлгермейсің” деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Жапа шеккен адамдар әдетте: “Не болғанын түсінбей қалдым”, “Гипноз жасады ғой деймін”, “Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым”,-дегенді жиі айтады.
Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қайсы? Ол үшін алдымен алаяқтық дегеннің не екенін түсініп алудан артықтығы жоқ. Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады. Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық кодекстің 177-бабына сәйкес осы қылмыс үшін олар жауапқа тартылады. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза – бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру.
Алаяқтықтың негізгі принципі – өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Бұл “еріктілік” алаяқтықты басқадай ашкөздік қылмыстардың ішінде ерекше етеді. Біріншіден, алданған адамдар өзінің алданғанын білсе де құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Біріншіден, оңай алданып қалғанына арланады, екіншіден, арыз түсіргеніммен ештеңе өнбейді деп есептейді. Үшіншіден, мұндай қылмысты дәлелдеу өте қиын, себебі алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеуді қажет етеді. Алаяқтық адам психологиясын және оның әдеттегі әрекетін жақсы білуге негізделген. Бұл арада адамгершілік ұғымы туралы әңгіме болмайды. Олар өз әрекетін алдын ала тізбектелген жоспар арқылы іске асырады. Оның тәсілдері мүлде қарапайым болуы да мүмкін. Кейде олар, топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді.
Алаяқтар сонымен қатар, адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу сияқты әдеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап алады. Олар басқа да қылмыскерлер мен басбұзарлардан өзгеше болады. Олар негізінен әртістік дарыны бар, өтірікті шындай етіп жеткізетін айлакерлігі басым адамдар болып келеді. Әдетте олар таза әрі әдемі киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне тура қарап, барынша сенім тудыруға барын салады. Алдау-арбау жолында жүрген жұбайлық жұптар да кездеседі. Олар тез әрекет етіп, басқадай ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.
“Тез шешім қабылда, әйтпесе үлгермейсің” деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Жапа шеккен адамдар әдетте: “Не болғанын түсінбей қалдым”, “Гипноз жасады ғой деймін”, “Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым”,-дегенді жиі айтады. Алайда, адамдар алданбаймын деп тұрса да ондай жылпостардың айтқанын қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей сезбей де қалады.
Сот практикасы көрсеткендей, алаяқтар әртүрлі сылтау мен зәбір көрушілердің мүлкін толық немесе жартылай алып, өз уәдесін қысқа мерзімде орындауға сөз береді. Алаяқтық – ұрлық жасаудың бір түрі дейді құқық қорғаушылары. Алдау-арбау, сенімге кіру арқылы кейбір қылмыскерлер бөтен адамның мүлкін, ақшасын алып пайдаланып кетеді. Осындай “бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң” адамдардан сақ болыңыздар.
Алаяқтар өздерін сайттарда сатушы немесе сатып алушы ретінде тіркеліп, адамдардың банк картасының реквизиттерін біліп, шотты бос қалдыруы ғажап емес. Мысалы, сіз көлігіңізді сатқыңыз келсе, сізге ресейлік байланыс нөмірінен бір «клиент» хабарласуы мүмкін. Сіз онымен саудаласасыз. Сауда аяқталған соң ол алдын ала төлемді аудару үшін банк картасына қатысты мәліметтерді сұрайды. Сіз ойланбастан банк реквизиттерін танымайтын адамға бере салуыңыз мүмкін. Бір тәуліктен кейін сіздің ұялы телефоныңызға арнайы банк хабарламасы келеді. Ресейлік клиентіңіз сізден соны жіберуді сұрайды. Осылайша ол сіздің банк картаңыздың құпия кодын біліп алуы оңай. Мұндай жағдайда келген хабарламаның скриншотын түсіріп алып, банк қызметкерлерінен немесе бухгалтер арқылы не код екенін анықтап алыңыз.
Өкінішке орай, бұл оқиға бойынша банкирлердің өздері де қауқарсыз. Қазіргі кезде электронды төлем нарығы дамыған сайын интернеттегі алаяқтық та қоса дамып келеді. Сондықтан алданып қалмас үшін банк картасын тұтынатын әрбір адам оның қауіпсіздік кодын, мәліметтерін ешкімге бермеу керек. Қазақстандағы алаяқтықтың тағы бір түрі кредитке байланысты. Алаяқтар үшін халықтың сеніміне кіру өте оңай. Тек абай болу керек. Мысалы, олар газеттерде немесе сайттардың көмегімен тұтынушылық несие рәсімдеуге көмектесеміз дегендей қызметтер ұсынуы мүмкін. Әңгімелесу кезінде олар қысқа мерзімде ешқандай құжатсыз кредит рәсімдеп береміз дейді. Сіздің алғыңыз келген кредит сомасының 5-10 пайызын көрсетілген қызмет үшін алдын ала төлеңіз деп талап етеді. Ал алдын ала төлем жасаған соң ақшаны және сіз ұсынған құжаттарды алып қашып кетеді. Бірнеше уақыттан кейін олар сіздің құжаттарыңыз арқылы тұтынушылық кредит рәсімдеп, оны жеке басына жұмсайды. Ал сіздің атыңызға бір-екі айдан соң банктен кредит төлеу керектігі туралы хабарлама келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы