Ең алдымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау керек

427 көрілім

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері Түркістан қаласындағы 28 мектеп-лицейінде жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін мектеп-лицейдің ата-аналары мен қала прокуратурасының бөлім прокуроры Береке Жұмабаева «Жасөспірімдер арасындағы құқықтың алдын алу тақырыбында, жоспар бойынша кездесу ұйымдастырып, бала тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салды. Ата-аналардың баланы күтіп-баптаудағы жауапкершілігі мен міндеттеріне де жеке тоқталып кетті. Түркістан қаласы прокурорының бөлім прокуроры Береке Жұмабаева «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып, балаларымыз құқылы дербес ортада өмір сүреді» деген сенімдеміз деп өз сөзін қорытындылады.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер тәрбиесі, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті  мәселелердің біріне айналып отыр. Құқық бұзушылық — бұл  қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.

Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.    

Құқықтық сана – бұл адамдардың іс-әрекетке немесе мемлекет тарапынан қабылданған заңға қатынасын білдіретін идеялар  жиынтығы.  Құрылымдық тұрғыдан құқықтық сана екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология. Құқықтық психологияның мазмұны – адамдарда қолданыстағы құқықтық нормаларға және оларды қолдану практикасына байланысты пайда болатын сезімдер, эмоциялар, тәжірибелер, көңіл-күйлер, әдеттер, стереотиптер. Құқықтық идеология – бұл құқықтық шындықты концептуалды, жүйеленген түрде көрсететін және бағалайтын құқықтық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Мысалы, Қазақстан Республикасына қатысты құқықтық идеологияның көздеріне Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын жатқызуға болады.

Құқықтық мәдениет – құқықтық актілерді, құқықтық және құқық қолдану қызметін, жеке адамның құқықтық санасы мен құқықтық дамуын, сондай-ақ оның мінез-құлқының еркіндігі арқылы қол жеткізген  құқықтық өмірдің сапалы жай-күйі. Қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыруда сот жүйесінің рөлі өте маңызды. Құқықтық мәдениетті арттыру үшін балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін адам құқықтары мен бостандықтары, мүдделерін қорғау мәселелері қозғалуы тиіс. Монографияда құқық қорғау органдары мен халық арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнату, кейбір шараларды бірлесе атқару формалары жақсы қарастырылған. Мемлекетіміздің дамуы, өркендеуі, дамыған елдер қатарына қосылуы үшін құқықтық білімді, тәрбиені биік деңгейге жеткізу басты міндет екендігін автор терең талдау жасап көрсеткен. Сонымен қатар құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. «Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты сезіну адам тұлғасының өсуіне алып келеді» дейді ол. Қазіргі кезеңде қоғамның демократиялық дамуы құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етуде.

Құқық дегенімізде әрбір азаматтың ойына елімізде қабылданған заңдар, нормативтік құқықтық актілермен қатар құқықтық мәдениет, құқықтық сана деген ұғымдардың  келетіні анық.
Осы ретте, құқықтық мәдениет дегеніміз қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымен бірге жасайтын жалпы мәдениеттің бір түрі немесе адам баласының бойында қалыптасатын құқықтық сауаттылықтың көрініс табуымен айқындалатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін игілікті құндылықтарымыздың бірі.
Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық заң нормаларын түсініп білуден, оларды қоғамда қолдану, іс-тәжірибеде орынды пайдалана білу қағидалары арқылы қалыптасады.
Еліміздің басты заңы Конституцияда айқын жазылғандай біздің еліміз өзін демократиялық, құқықтық  мемлекет ретінде белгілеп, адамның құқықтары мен бостандықтарын алға қойып, оның қымбат қазына болып табылуы ретінде қарастырып, белгілейді.
Ал, құқықтық мемлекеттерде азаматтардың құқықтарының, міндеттерінің және бостандықтарының қорғалуы ең біріншіден олардың құқықытық сауаттылық пен құқық бұзушылыққа жол бермеуі сана деңгейіне байланысты білдіріледі.
Міне, бұл құқықтық мәдениет және заңи этика болып табылады.
Әрбір азамат үшін қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылса, оның қазыналылығын түсініп, бағалай білу, құқықытық сана мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылатыны айқын және біз оны терең түсінуіміз шарт.
Дегенмен, құқықытық мәдениет кез-келген азаматтың өмір сүру құндылығы ретінде дербес ішкі тәлім-тәрбиесінен көрініс бермей, жалпы мәдениеттің талап ететін қажеттілігі ретінде оны бойға дарыту мүмкін емес.
  Осыған байланысты біздің мемлекетімізде әрдайым құқықтық мәдениетті заң талаптарын бұлжытпай орындап, құқық нормаларын қатаң қолдану арқылы ғана қалыптастырып жүзеге асыру бағыты қолданылады.
Осы жерде айта кететін жайт, заңды білмеу және құқықытық сауатсыздық  жауапкершіліктен босатпайтындығы қатаң ескертіледі.
Бірақ, құқықтық сауатсыздық пен заң нормаларынан кез-келген азаматтың хабары жоқтығы мен құқықтық мәдениеттің болмауы дәлірек айтқанда оның негізін түсіне алмау екендігі көп ескеріле бермейді.
Міне, осы жағдаяттардың негіз-салдары құқықтық мәдениетті қалыптастырып жетілдіру жұмыстарының реттелуіне шын мәнінде кедергі келтіретіні аян.
Осы ретте, айта кететін жайт, мәселен қоғамдық, қызметтік орында, көпшілік алдында өрескел қылық көрсетіп, дауыс көтеріп, кейбір лауазымды тұлғалар қызметтік дәрежесін асыра пайдаланып, азаматтардың жеке басына қатысты құпия болып табылуы керек мәліметтерді жария етіп, абыройын төгіп, ар-намысына тиіп, іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып тұрғанын есіне салып, дұрыс емес екендігін ескертіп айтқанымызда, есесіне дөрекі жауап алып, қайта өзімізге қарай өштендіріп, соңымызға түсіріп, өзім білемін деген жауап аламыз.
Дәл осы жағдайды, қоғамдық және қызметтік орында орын алды деп есептелік, осыны көріп, естіп тұрған басқада қызметтес азаматтардың бірде-біреуі әлгі абыройды төгіп тұрған, жеке басқа қатысты мән-жайларды қызметтік орында орынсыз тілге тиек етіп тұрған тұлғаға үн қатпайды.
Себебі, азаматтардың көпшілігі заңи нормаларды терең түсіне білмейді, қоғамдық құқықтық мәдениетті сақтау керек екендігінен хабарсыз екендігін аңғарамыз.
Өйткені, бұл жерде адамдар бір-біріне адамгершілік, сыйластық қарым-қатынас қағидаларын ұстанып, түсіну, бір-біріне жанашырлық, қорғап-қолдау көрсетулері қажет еді.
Осы жерде, көпшіліктің ішінен бір азамат шығып әлгі өрескел қылық көрсетіп тұрған тұлғаны жөнге саларлық ескерту жасағанда бұндай жағдайды келесі жолы қайталамас болар еді.
Өйткені, құқықтық мәденитті түсінбеу мен заңи сауатсыздық дәл осындай ұсақ құқық бұзушылықтан бастау алады.
Құқықтық мәдениетті ұстанып, қоғамдық, кәсіби этика нормаларын сақтау барлық азаматтарға шартты болуы тиісті.
Құқықтық сана мәдениеті қоғамда, қоршаған ортада құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну мен құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде түсіну, оны мойындау, заңды тәртіп мәдениетін сақтаумен қатар игерілген құқық нормаларына сай саналы қылықтар жасау болып табылады.
  Құқықтық мәдениеттің әлеуметтілік қажеттілігі оның жүзеге асыратын негізгі құзыреттерінен айқындалады. Атап айтқанда, құқықтық-әлеуметтендіру, әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын коммуникативтік, дипломатиялық бағыттары болады.
Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық санамен тығыз байланыстылықта бола тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениеттің құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда ауқымы кең ұғым. Себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты, іс-әрекетті, заңды фактілерді де қамтиды.
Құқықтық мәдениет құқытық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойлаудың белгілі бір деңгейін, дәрежесін, әлеуметтің заңдарды біліуінің тиісті дәрежесін, құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейін, құқықтық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру үрдістерінің сапалық жағдайын, құқықтық қызметтің ерекше әдіс-тәсілдерін, құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктері түріндегі нәтижелерін қамтиды.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті – бұл құқықты білуі мен оны түсінуі, соған сәйкес әрекет етуі, қозғалуы болып табылады. Құқықтық мәдениеттің құрылымы психологиялық, идеологиялық, жүріс-тұрыс элементтерінен қалыптасады.
Құқықтық мәдениет – жеке тұлғаның жоғары саяси және азаматтық қасиеттерін қалыптастырады, әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттырады, құқықтық сана мен мінез-құлық қағидаларын және мәдениет нормаларын, демократиялық қоғам құру белсенділігін күшейтеді, қазақстандық ұлтжандылықты, патриоттықты терең ұғынып, оны орнықты ету үшін идеялар мен басым қағидаларды қолдауға және жүзеге асыруға, құқықтық сана-сезімді қалыптасыру мақсатында нақты қарым-қатынастар жасауға мүмкіндік береді.
Құқықтық мәдениет бүгінгі күні адамдардың заңдарды білмеу мен оны сақтамау, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың орын алуына себепші болу, қоршаған ортаға, қоғамға зиян келтіру сияқты біржақты іс-әрекеттермен қалыптасқан пікірлерге тоқтау қоятын негізгі шарты болуы қажет.
Қазіргі таңдағы демократияландыру үрдісі – белгілі бір мемлекеттік құзырлы органдар мен институттардың, ұйымдардың тарапынан жүргізілетін саяси немесе қоғамдық шаралар емес, әрбір азаматтың қоғамда өзінің құқығын білетін, азаматтық қоғам, демократиялы мемлекет қалыптастырудағы құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының қалыптасуына тікелей байланысты.
Осы орайда, мемлекетіміздегі әрбір азаматқа Конституциямен кепілдік берілген құқығына шектеу қоймай, оның құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, қорғалуын және жеке тұлға ретінде қалыптасуына барынша мүмкіндік жасалған.
Тәуелсіз, демократиялы мемлекетіміздің болашағының баянды болуы, азаматтарымыздың құқықтарының мен бостандықтарының қорғалуы мен қауіпсіздігінің қамтамасыз етіліуі – әрбір азаматтың бойында құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың қалыптасуына тікелей байланысты болатындығына тұжырымдама жасаймыз.
Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет – бұл ұлттың ортақ шаңырағы, оның тарихи шежіресі мен қалыптасуы, мәдениет пен ой-сананың дамуы, өркениеттілігі, яғни, барлық құндылықтары мемлекетпен оның егемендігімен таразыланатындығын түсінуі қажет.

Жиырма бірінші ғасыр басындағы қазіргі қоғам қарқынды дамумен қатар, өз даму үрдісімен барлық саланы жандандыруда. Сондықтан қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналған міндеттер атқарылуда. Тәрбие мен білім беру саласында да жаңа әдіс-тәсілдер, технологиялар анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған модельдері жасалуда.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысын тиімді жүргізу – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отырғаны жасырын емес. Әсіресе, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, әр түрлі жат діни ағымдардың теріс идеологиясына жастардың төтеп беруі, ұлтаралық келісімді нығайту сияқты тәрбие жұмыстарының басты бағыттары айқандалуды қажет етеді. Өйткені саналы адамзат баласы, жалпы қоғам және мемлекет жастар тәрбиесіне әрдайым ерекше көңіл бөліп, қаперден шығарған емес. Әсіресе отан қорғаушылар үшін тәрбие мен тәртіптің мемлекет алдындағы жауапкершіліктің бірінші кезекте тұратыны белгілі жағдай. Әл-Фараби бабамыздың: «Адамға бірінші тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілетін білім адамзаттың қос жауы. Ол келекшекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі» – деген терең мағыналы қанатты сөзі бүгінгі біздің қоғам үшін де негізгі қағидаға айналды.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары олардың ортасында орын алып отырған теріс құбылыстармен келеңсіз жайттарға қарсы жүргізілуі кезек күттірмес шаралар болып табылады.

Жастар тәрбиесіндегі қоғамымыздың алаңдатып отырған басты мәселенің бірі – жастар арасындағы қылмыс. Бастауы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардан басталған мектеп оқушылары мен жоғарға оқу орындарының студенттері арасында бопсалау, ақша жинау әрекеттерінің тамырына әлі күнге дейін балта шаба алмай келеміз. Әскери бөлімдердегі «аталар» әрекеттерінен туындап жататын қылмыстар түрлері де тоқталмай келеді. Орта мектептер мен оқу орындарын «бақылау аймығына» ұстайтан топтар, өз биліген жүргізіп «общякқа» өздері орнатқан ортақ «қазынаға» ақша жинауды қалыпқа айналдырған. Бұл құқық қорғау органдарының алдында тұрған үлкен кемшіліктің бетін ашады.

Десе де ұрпақ тәрбиелеудің негізі – отбасынан басталады. Отбасы адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. Әрбір баланың туылған кезінен бастап есейіп, ер жеткенге дейінгі өмірінің кезеңінде басты арқауы болатын тәлім-тәрбие отбасы мүшелері арқылы беріледі. Отбасы баланы ата-бабаның өмірінен алынған еңбек және қоғамдық іс-әрекетердің ғасырлар бойы жинақталған озық тәжиірбиесімен таныстырып оны құрметтеуге жақсыға ұмтылып жаманнан жиренуге қоршаған ортаға бейімделуге, қарым-қатынас жасауға, өз бетімен жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап отырған. Отбасы тәрбиесінің ажырамас құрылымына отбасылық тәрбие ахуалы-өзіндік дәстүр, жайлы жағдай, қарым-қатынас, отбасы өмірінің тәртібі, отбасы мүшелерінің іс-әрекетінің мазмұны жатады. Қазіргі отбасылар әрі сапалы, жаңа, әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып келеді. Отбасы мәселесінде мемлекет тарапынан қолдау жасалып маңыздылығын бекіту мен жоғарылату үшін бағдарламалар жүзеге асырылып, көңіл бөлінуде. Алайда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әсер ететін құбылыстар да көбеюде.

Отбасылардың тұрмысының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы нәтижесіндегі толық емес отбасылардың көбеюі, отбасында балаға қажетті қамқорлық пен мейірімнің болмауы отбасының елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының шырқының бұзылуынан екені белгілі. Отбасындағы келеңсіздіктер балаға тікелей теріс әсерін тигізеді. Тәрбие мәселесінде мектеп пен отбасы үнемі бірігіп жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Әсіресе қазіргі кезде қазақ отбасыларында жүйелі тәрбие беруге мүмкіндік жоқ деген пікірлер айтылуда. Бұл ата-аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына және тұрмыстық жағдайға ата-аналардың жұмысбастылығына, өмір сүру ерекшеліктеріне, отбасы құрылымына байланысты. Жас жеткіншектер жеке тұлға ретінде толысып, дамып, өмір туралы түсініктері қалыптасу кезеңінде отбасы мен оқу орны бірлесе отырып жүйелі, дұрыс тәрбиені беруге жағдай жасауы керек.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа апаратын басты фактордың бірі – балаға дер кезінде көмек берілмеуі, баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді байқамау мен өз бетінше бақылаусыз, қараусыз жүруі, ата-аналардың балаларына жұмыс бастылықпен көңіл бөлуге уақыт таппай немқұрайлы қарауы.

Ата-ана мен педагог бірлесе отырып тәрбие жұмысында бірін-бірі толықтырып отыруы шарт. Отбасының өзіне тән өмір сүру ерекшеліктері, оның қалыптасуы, рухани байлықтары, тәрбиелік мүмкіндіктері оқушының үйдегі ата-анасымен қарым қатынасына назар аударылуы қажет.

Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің біріне дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына төтеп беруге қабілетті жастарды қалыптастыру, тәрбиелеу жатады. Жат жұрттық, жат пиғылдағы әр түрлі секталар діни пайымы өсіп жетілмеген жастарымызды алдау, арбау, санасын улау арқылы өз қатарларын толықтырып келеді. Жастардың Отан алдындағы ең қасиетті борышы Отанды қорғау деген ұғымды христиан бабтистері кері мағынада уағыздап, жастардың қолына қару алып, Отанын қорғауды күнәһарлыққа жатқызады.

Еліміздің зайырлы мемелекет болуы өзіміздің дәстүлі дінімізден қол үзу, оның қағидаларын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуге болмайды дегенді білдірмесе керек. Қайта керісінше, ата-бабамыздан келе жатқан дініміздің құндылықтарымен жастарымызды таныстыру, тәрбие саласында пайдалану ісі олардың зайырлы қоғамдағы жан дүниесін байыты түсетіні анық. Қазіргі кезде «Асыл арна» респуликамыздағы ислам діні жөнінде толыққанда хабарлап тарататын бірден – бір канал болып отыр. Жастарымызға дініміздің негізгі қағидалары жөнінде бастапқа білімді де бере алмай келеміз. Өзіміздің жастарымызды өзіміз шет елдік миссонерлердің қармағана іліктірудеміз. Әртүрлі діни ағымдарға қарсы тұрарлық, ғылыми негізді көзқарасы бар адамды қалыптастыруды берік мақсат етіп мұсылмандықтың алғышарттарына, имандылыққа насихаттасақ ұтарымыз көп болмақ.

Негізінде Ислам дінінде басты мақсат – бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік пен өзара татулықты орнату. Бөлінушілік, ауызбіршілікке нұқсан келтіретін араздық тудыратын істерге қарсы. Имандылық – өзара ынтымақ пен татулыққа, қолғабыс көрсетуге шақырып жат қылықтан сақтандырады. Қазақтың көрнекті ағартушы-педагог ғалымдары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаевтар да бала тәрбиесінде діннің, имандылықтың рөлін жоғары бағалаған.
Ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегінде: «діни таным арақ-шарапты ішуге, темекі шегуге, өтірік-өсек айтуға, ұрлық жасауға, зорлық-зомбылыққа тиым салады, ар танымы мен ғылыми танымға жол сілтейді» /3/ – деп талдау жасайды. Бар өмірін адамды зерттеуге арнаған ұлылық иесі Абай Құран сөздерінен нәр алған, имандылықты бойына сіңіріп, ұрпақ тәрбиесінде ұстанған.

Жастар тәрбиесіндегі алаңдатарлық мәселелердің бірі – рухани сала болып табылады. Рухани саладағы жастар тәрбиесінде бұхаралық ақпарат құралдарының атқарар жүгі үлкен болып табылады. Ақпарат ағыныдағы бей-берекетсіздіктің шамадан тыс белең алғаны соншалық, кино театарларда, теледидарларда көрсетіліп жатқан фильмдердің мән мағынасын, тарихи тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесіндегі зияндылығын саралап жатпай-ақ көпшіліктің назарына ұсынып жатырмыз… Кино өнерінің ұрпақ тәрбиесіндегі қуатты қару екенін түсінген шет мемлекеттер миллиондаған қаржы шығарып, белгілі мақсаттары үшін тарихи шындықтарды бұрмалап түсірген фильмдері арқылы жастарымыздың тәрбиесіне кері әсер етуде. Баршамызға белгілі қытайлықтар түсірген «Шынғыс хан» фильмі ұлттық телеарнамыз арқылы көрсетілді осы бір ғана көркем фильм санамызға қаншалықты әсер етті десеңізші. Фильмнен алған әсеріміздің «нәтижесінде» Шыңғыс ханнан өз жерін, өз елін алты ай бойы қорғау арқылы патриоттық тәрбиенің өнегесі, үлгісі болып жүрген Отырар қаласының қорғаушысы Қайырханды қара өгізге теріс мінгізіп жамандай жөнелдік. Ал, бұл киноны түсіргендерге мұндай фильм неге түсірдің деп айта алмаспыз. Бірақ бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің өз мүддесін, өз идеологиясы жас ұрпақ тәрбиесі алдындағы жауапкершілігі бар емес пе? Неге біз өз жастарымыздың тәрбиесіндегі жауакершілікті жат пиғылдардың жетегіне жетектетіп қоя беруге жол береміз. Мемлекетіміздің өз ақпарат кеңістігін қорғауы бірінші кезекте тұруга тиісті міндет екенін неге ұмытамыз.

Заманға сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – мемлекетіміздің маңызды стратегиясы. Біз тарихи білім мен тәрбиені ұштастыра білуіміз керек. Төл тарихымыздың тәлім-тәрбие аларлық, үлгі боларлық тұстары жеткілікті. Ұлтымыздың қалыптасуын, мәдени дамуын, ел қорғаған батырларының ерлік істерін, әскери-саяси тарихын, тарихи тұлғалардың өмір жолын, халық ауыз әдебиетін, даналардың ғибратты нақыл сөздерін нақты дерек көздері арқылы білгені жөн. Ұлттық құндылықтарды насихаттаудың әлеуметтік мәні зор. Халықтық тәлім-тәрбие-қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің айғағы. Халықтық дәстүрді, ұлттық мәдени құндылықтарды қазіргі саяси жағдайда өркениетті өмірмен байланыстыру – тәлім-тәрбиенің басты шарты. Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оның жастардың санасына, сезіміне әсер ететіндей дәрежеде жеткізу асқан шеберлікті қажет етеді. Бірақ қолға алған ұлттық мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалу, оның әлеуметтік, саяси өркендеуін қамтамасыз ету үшін келешек ұлт болашағы жас жеткіншектеріміздің қоғамдық-саяси дәрежесіне, ұлттық тәуелсіздік идеясының олардың санасына қай дәрежеде қалыптасуына байланысты Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, танымдық іс-әрекеті мен ой-өрісін жетілдіруде ұлттық негізді айқындау – өзекті мәселе болып табылады. Әрбір жас жеткіншекті жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтардың көзін ашып дамытуымыз қажет.

Халық қазынасын ақылды да әдепті, ұлтжанды, жан-жақты жетілген, ізгілігі мол азамат тәрбиелеуде пайдалансақ ұтарымыз көп болмақ. Өз тілін, дінін, тарихын, рухани бастауларын біліп өскен ұрпақ, біртіндеп әлемдік мәдениетті де игереді. Ұлттық құндылықтардың озық тәжиірбиесін игеріп өскен жастар оқуда да, тәрбиеде де дұрыс бағытты таңдап, өзінің рухани негізін ұмытпай, ұлтының, отанының дамуына белсенді үлес қосады деген үміттеміз. Қазіргі кезең жаңа технология, жаңа ойдың ғасыры. Дегенмен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп білімнің негізі етіп алған жастар ғана тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамып, адамгершілік қасиеттері жетіледі. Тұлғаның әлеуметтануында біз әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруымыз қажет. Соның ішінде ұлттық тәрбиені басты назарда ұстап, оқу мен тәрбиенің діңгегіне айналдырсақ қана ұлттық негізімізді жоғалтпай жаңа заман талабымен қайта жаңғыртып түлетуге мүмкіндік аламыз.

Кез-келген мемлекеттің қуттылығы, оның әскери күшінде ғана емес, оның ұлттық рухынын күштілігінде. Мемлекеттің байлығы табиғи қорының молдығына емес, оның рухани байлығы: Отан сүйгіштік, Отанға адалдық, Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуында. Бұл процес бір жағынана қазіргі заманғы құқықтық жүйенің қалыптасуымен, екінші жағынан азаматтардың, қоғамның, мемлекеттік орган қызметкерлерінің құқықтық мәдениетінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеттің, құқықтық сананың және әрбір азаматтың белсенді қоғамдық қызметінің бастауы – құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылығы болып табылады.

Білім – бұл толыққанды қоғам өміріне араласудың құралы ғана емес, мемлекеттің мақсаттарына сай азаматтарды тәрбиелеп шығаруының маңызды құралы. Құқықтық сауаттылықты іске асыруда жеке тұлғаның құқықтық санасын көтеру арқылы қоғамның құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі жауаптылығы артып, мемлекеттің тұрақты түрде даму бағытын іске асыруға жағдай жасалады. Сондықтан құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылық қоғам дамуының құқықтық қорғаушы күші ретінде қабылдануы қажет. Тек құқықтық сауатты әлеуметтік топ өкілі ғана қоғамды дұрыс бағытта дамытуға және өз құқын қорғауға мүмкіндік алады.

Қазіргі кезеңде құқықтық сананы қалыптастырудың басым бағыттарына мыналар жатады: құқықтық сауаттылық пен құқықтық сананы, әлеуметтік-құқықтық белсенділікті, құқықтық нормаларын сақтауды міндеттілік деп санайтын, өзін заңмен қорғалатын қоғамның тең құқылы азаматы ретінде сезінетін, азаматтылық жауаптылық пен өзін-өзі сыйлауды, тәртіпті, өзге адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауды, демократиялық құқықтық құндылықтарды бағалау.

Құқықтық тәрбие мен құқықтық сананы қалыптастыру тек жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды оқыту процесінде ғана емес халықтық барлық топтары арасында әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілуі қажет. Қазіргі кезеңде біріншіден жастар арасында құқықтық тәрбие өз дәрежесінде емес, қазіргі қоғам мен келешек алдында тұрған міндеттер мен талаптарға сай жүргізіліп отырған жоқ. Екіншіден бүгінгі оқушы бірнеше жылдан кейін өндірістік-техникалық және әкімшілік-басқару қызметіне тікелей байланыста болады. Мектеп оқушылары арасында оқушылардың арасында құқықтық сауаттылықтың төмендігі тіпті мүлдем сауатсыздығыда кездеседі. Бұл құқықтық сана мен құқықтық тәрбиені насихаттаудың бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін тағы да дәлелдей түседі. Мемлекетіміздің алдына қойған басты міндеттері көп болғанымен құқықтық тәрбие кезек күттірмейтін мәселе, себебі ол мемлекет болашағының кепілі. Құқықтық тәрбие мектеп қабырғасынан бастап қолға алынып жас жеткіншектер құқықтың саяси-моральдық тұрғыдан басшылыққа алуы қажет. Құқықтық тәрбие – азаматтардың патриоттық сезімін қалыптастырудың негізі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы