СОТ ТӨРЕЛIГIН ТЕК СОТ ҚАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

464 көрілім

Керек кеңес

2000 жылы судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік беретін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Конституциялық заңмен судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз екені және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынатыны айқындалған.
Соттардың алдындағы негізгі міндеттері – Конституцияны, заңнаманы бұлжытпай сақтау, судьяның антына адал болу, сот төрелiгiн iске асырған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтау және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және қызметіге заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұру болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың сот билiгiн иеленуге құқығы жоқ.
Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судьяның тәуелсiздiгi сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен, қызметiне араласқаны үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен қамтамасыз етiледi.
Сонымен қатар, сот жүйесінде жүргізіліп келе жатқан заманауи реформалар да сот тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Судья қызметіне тағайындау ашық және конкурстық негізде жүргізіледі және оларға қойылатын талап та күшейтілген.
Барлық соттарда электронды іс жүргізу жүйесі енгізілген, сот процесіне қатысушылардың өз істерінің қозғалысын кез-келген уақытта бақылай алуына мүмкіндік жасалған.
Барлық сот процестерінен міндетті түрде аудио-бейне жазба жүргізу енгізілді.
Ал, азаматтардың жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік соттар құрылды.

Заңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтар азаматтардың пайдасына түсініліп, әкімшілік соттың белсенді рөлі, өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинақтау құқығы енгізілді. Мұндай істер бойынша дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, әкімшілік органға жүктелетін болды. 

Ендіше сот төрелігі туралы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы И.Е.Алькеновтің түсініктемесін келтіруді жөн көрдік:

Сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асанов 2019 жылды – сот төрелігінің сапасы жылы ретінде жариялағаны баршамызға белгілі. Себебі қоғам талабының жылдан жылға өсуі және экономикалық қатынастардың өзгеруі сот жүйесіне де әсерін тигізіп, жаңа заманның талабына сай сот жүйесі болуы қажет. Сот саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерге сараптама жасағанда ең алдымен азаматтардың пікір-лебізі, сын-ескертпесі басты назарға алындаы, сондықтан сот төрелігінің сапасын арттыру – халықтың сеніміне ие болудың негізгі жолы болып табылады. Мұнда қылмыстық істерді қарайтын соттарда айыптаушылық көзқарасты төмендету, сот рәсімдерін оңайлату, татуласу институтын жетілдіру, сот актілерінің сапасын арттыру, соттардағы жемқорлықтың алдын алу басым бағыттар болып табылады. Меніңше, бұл бағытта жасалып жатқан жұмыста үлкен жетістіктердің бірі Жоғарғы Соттың «Сот үкімі туралы» және «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болып табылады. Себебі, егер бұрын сот шешімдері жүйеленбеген, көптеген керек емес ақпараттардан тұрса және қарапайым халыққа түсініксіз «ауыр» заң тілінде жазылса, қазір сот актілерінің нысаны мен тілі күрт өзгерді. Сот актілері қысқа және үйлесімді, тараптардың әрбір дәйектеріне уәжделген жауаптардан тұрады. Қашанда сот шешімі – судья жұмысының, білімінің, біліктілігінің көрсеткіші. Сот актісі – судья қызметінің ең түпкі нәтижесі. Сондықтан сот актілерінің әділ, сапалы шешілуі ғана емес, тараптарға түсінікті тілде жазылуы да маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы