Бүгінде жастар, әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Тәртібі қиын жастың есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі артатынын ескерсек, бұл өткір мәселе екені сөзсіз. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі де- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады. Түркістан қаласының прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жастармен кездесулер өткізуде.
Бұдан бөлек, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша түркісстандық сақшыларда бірқатар қызметтер атқаруда. Қазақстанның алдында құқықтық мәдениеті жоғары, заңды құрметтейтін, гуманизм мен әділеттілік қағидаттары әрекет ететін құқықтық, азаматтық қоғам құру міндеті тұр. Ал бұл мақсат халықтың құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің, әлеуметтік және зияткерлік дамуының жоғары деңгейіне ие болған, өз таңдауын еркін қабылдаған және өз әрекеттері үшін дербес жауап беруге қабілетті болған кезде ғана орындалады. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі тәуелсіз, әділетті, құрметті сот билігі орныққан уақытта ғана болады. Осыған байланысты қазақстандық азаматтық қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруда сот жүйесі негізгі рөл атқарады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары кезінде заңсыз атыс қаруларын сақтады деген айыппен Түркістан қаласының тұрғыны 1994 ж.т. Э.Ж-қа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Ағымдағы жылдың жаз айында жол патрульдік полиция қызметкерлері бір автокөлікті тоқтатқан сәтте жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Полиция қызметкерлері автокөлікті қуалап ұстаған сәтте оның ішінде жолаушы ретінде болған Э.Жақыповтың қалтасынан екі атыс қаруы табылған. Тергеу нәтижесімен Түркістан қаласының полиция басқармасының тергеушісі соңғының іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) саралаған.