Түркістан қаласының полиция басқармасы құқықтық сана – бұл адамдардың іс-әрекетке немесе мемлекет тарапынан қабылданған заңға қатынасын білдіретін идеялар жиынтығы екендігін әрдайым түсіндіріп келуде. Бұл бағытта қалада жасөспірімдер көптеген кездесулер өтіп, құқықтық мәдениет пен сананы қалыптастыру оны түсіну үшін жиналыстар өтуде. Құрылымдық тұрғыдан құқықтық сана екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология. Құқықтық психологияның мазмұны – адамдарда қолданыстағы құқықтық нормаларға және оларды қолдану практикасына байланысты пайда болатын сезімдер, эмоциялар, тәжірибелер, көңіл-күйлер, әдеттер, стереотиптер. Құқықтық идеология – бұл құқықтық шындықты концептуалды, жүйеленген түрде көрсететін және бағалайтын құқықтық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Ал құқықтық мәдениет – құқықтық актілерді, құқықтық және құқық қолдану қызметін, жеке адамның құқықтық санасы мен құқықтық дамуын, сондай-ақ оның мінез-құлқының еркіндігі арқылы қол жеткізген құқықтық өмірдің сапалы жай-күйі. Қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыруда сот жүйесінің рөлі өте маңызды.
Сонымен қатар, Түркістан қаласының полиция басқармасы қаладағы түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейтдік шаралар өткізіп, қылмыстардың алдын алуда. Айта кетсек, Түркістан қаласында 31 жастағы ер кісі түнгі уақытта масаң күйде бөтен адамның тұрғын үйіне есіктен кіріп, иесінің үйден шығуды талап етуіне құлақ аспай, онымен төбелесіп, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген. Аталған факті бойынша Түркістан қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс күш қолданып заңсыз басып кiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесінде қала прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберген. Түркістан қалалық сотының 06.10.2022ж. үкімімен бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді. Бұл орасан зор жұмыстың барлығы, сөзсіз, заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін, Түркістан қаласындағы сот төрелігін іске асыру сапасын жақсартуға, сот жүйесінің оң имиджін, соттардың ашықтығын, халықтың сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта көптеген адамдар соттардан көмек сұрайды, бұл сот жүйесіне деген сенімнің артқандығын көрсетеді.