Тұрғын үйге заңсыз басып кіру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады

588 көрілім

Түркістан қаласында 31 жастағы ер кісі түнгі уақытта масаң күйде бөтен адамның тұрғын үйіне есіктен кіріп, иесінің үйден шығуды талап етуіне құлақ аспай, онымен төбелесіп, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген.
Аталған факті бойынша Түркістан қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс күш қолданып заңсыз басып кiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесінде қала прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберген.
Түркістан қалалық сотының 06.10.2022ж. үкімімен бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.Үкім күшіне енді.

Түркістан қаласындағы түсіндірме жұмыстарының жүйелі бір саласы әкімшілік құқық бұзушылық. Атаулы тақырып туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция), халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен (бұдан әрі – ӘҚБтК) тұрады, әкімшілік жауаптылықтың шарттары мен негіздерін, әкімшілік жазалардың түрлерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін, оның ішінде осы істердің ведомстволығы мен соттылығын анықтайды.

Соттар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен өзге де міндеттемелері Конституцияның 4-бабының 1-тармағына сәйкес оның қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылатынын негізге алуға тиіс. Істі қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының нормаларын, егер халықаралық шартпен өзге қағидалар белгіленсе, Қазақстан Республикасы үшін оның міндеттілігін келісу туралы шешім ратификациялау немесе қосылу арқылы қабылданған болса, қолдануға құқылы емес. Мұндай жағдайларда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.\ Елдің егемендігі, Конституциямен белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысандарын өзгертуге жол берілмейтіні туралы Конституцияның ережелерін бұзатын, сондай-ақ адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіретін халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері Қазақстан үшін міндетті деп танылуы мүмкін емес («Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 4-тармағы).

Әкімшілік құқық бұзушылықтан адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қорғауды және ӘҚБтК-нің 6-бабының бірінші бөлігінде санамаланған басқа да міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жасаудың алдын алу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, оларды бұзу сипаты мен маңыздылығына қарай iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің процестік ережелерінде олқылықтар болған кезде соттар сот төрелігінің қағидаттары және адам мен азаматтың құқықтары туралы конституциялық нормаларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде ӘҚБтК-нің 10-бабында бекітілген кінәсіздік презумпциясы қағидаты бұлжытпай сақталуға тиіс.Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндарды қоса алғанда, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiлуге және шешiлуге тиіс. Жаза орындалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңсыз қаулының күші жойылғаннан немесе өзгертілгеннен кейін жаңа жаза тағайындау әкімшілік жауаптылыққа қайта тарту болып табылмайды. Соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу бойынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету және соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) мұндай қызметі туралы ақпаратты азаматтар мен ұйымдардың алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасағаны жөн.

Құқықтық сана дегеніміз қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева былай деп тұжырымдайды: «Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға, құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі».

Біз, бірінші кезекте жастардың құқытық санасының қалыптасу ерекшеліктері мен олардың қоғам дамуына тигізетін әсерін қарастыруымыз керек. Оған себеп біздің елде «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 09.02.2015 ж. ҚР заңында көрсетілген 14 пен 29 арасындағы жастар саны 40 пайыз деңгейіне жақын. Сондықтан қоғамда жастардың құқықтық санасы заң шығару үрдісіне, құқық қорғау органдарының қызметіне және т.б. жағдайларға әсер етпей қоймайды.

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына және дамуына бірінші кезекте өте күрделі факторлар жүйесі әсер етеді. Ол факторларға, біздің ойымызша, келесі қатынастар жатады: әлеуметтік экономикалық жағдай, қоғамдық саяси құбылыс, идеологиялық әрекеттер, қоршаған орта, жастардың әлеуметтік іспен қамтылуы, идеялық тәрбиелік жұмыстар. Көрсетілген факторлар мен қатар жастардың құқықтық санасының қалыптасу процесіне келесі элементтердің тікелей қатысы бар, олар: құқықтық білім, құқық туралы түсінік, қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас, құқыққа қойылатын шарт, құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікір. Сондықтан да жастардың құқықтық білімін көтеру үшін оларды әртүрлі қайнар көздермен, құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. Бүгінде адам санасына ерекше ықпал ететін құрал-телеарна болып отыр. Қазақстан телеарналарында арнайы жастарға қатысты оларды ынталандыратын, олардың құқықтары мен бостандықтарын сөз ететін қызықты бағдарлама қажет. Мысалы, «Жастар құқық әлемінде» айдарында жас заңгерлер мен үлкен ғалымдар бас қосып, заңнамаларды салыстырмалы түрде қарастырып, теледебат жүргізіліп отырса дұрыс болар еді дейміз.

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі факторлар ішінде ерекше тоқталып өтуді қажет ететіндері, біздің ойымызша, жастардың қазіргі еліміздегі саясатқа, реформаға, билік басындағыларға сенімі қандай және діни ұстамдары қандай деген мәселелер. Себебі, аталған факторлар жалпы құқықтық сананың дұрыс қалыптасуына, оның жоғарғы құқықтық мәдениетпен ұштасуына үлкен ықпал етеді. Елін, жерін, оның басқарушы тұлғалардың іс әрекетінің заңдылығына деген құрмет жас тұлғаның бойында тұрақты ой-тұжырым сезімін орнатады.

Қазіргі кездегі жағдайлар құқықтық мемлекеттіліктің негіздерін орнықтыру, қоғам ішінде қажетті шеңберде қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті жаңғырту және жандандыру, моральдық құндылықтарды күшейту, заңдарымыз бен қоғамдық тәртібіміз жұртты қорқытып – үркітпейтін, күштемейтін, қайта қоғам мүшелері өздері түсіне отырып, ол заңдылықтарды қолдапқуаттап отыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Халықтың, өркениеттің кең болашағы және оның өміршеңдігі рухани құндылықтарды қадірлеумен, оларды дамытумен байланысты. Рухани даму – ол күнделікті өмірлік асулардан адам деген құрметті түрде өте білуі. Сондықтан қоғам үнемі үздіксіз дамуда болуы керек. Құқық талаптарын бұзуға бейім адам рухани жұтаң, өзімшіл, өркөкірек, билік құмар болып келеді.

Енді мәдени дамудың түпкі негіздеріне үңіле қарасақ, оның әртүрлі күрделі өзара байланыстардан тұратынын аңғарамыз. Мәдениеттілік – адамның рухани жетілуі. Мәдениет адамда біртұтастықты, намыс, ұят, ізгілік, турашылдық, өзін-өзі сыйлау сияқты жоғары адами қасиеттерді қалыптастырады.

Рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі құқықтық мәлениет болып табылады. Құқықтық мәдениет – бұл қоғам қол жеткізген әлеуметтік қатынастардың құқықтық реттелуінің, тұлғаның еркіндігі мен құқықтарының сақталуының, тәртіптің орнауының деңгейі.

Қазақстанда құқықтық мемлекеттіліктің негізі қаланып, қалыптасу процесі жүріп жатқанда құқықтық мәдениетімізге де талап арта түседі. Мәдениетіміз деп халқымыздың үзақ ғасырлар бойындағы сұрапталып жинақталған, ұрпақтар дініне, қанына сіңірілген рухани игілігі, салтдәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, әлеуметтік топтың, халықтың, ұлттың өмірдегі бет-бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа халықтан, нәсілден ерекшеленіп көрінетін, айырып ажырататын тыныс-тіршілігінің, өмірде саналылық танытатын көзқарастар жүйесін айтамыз.

Бұл құқықтық мәдениет ұлтымыздың негізгі өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру заңгерлердің де азаматтық парызы, қасиетті борышы, өмір талабы. Осы жолда заң ғылымында жаңа талаптар, оның ішінде дәстүрлі ұлтымыздың құқықтық мәдениетін қайта қарау, зерттеуде жаңа көзқарастар туындап отыр. Бұл көзқарастар ұлттық, құқықтық мәдениетімізді көтеруге басымдық беруде. Бұл ұлттық құқықтық болмысымызды терең ұғыну, мемлекеттік органдар мен халықтың ара қатынасын жақындату, тәлім-тәрбие өзегін күшейту дегенді білдіреді. Себебі, мемлекеттік құрылым, құқық, сот жүйелерінде дәстүр, тарих сабақтастығы үлкен рөл ойнайды. Бұл сабақтастық имандылық, ар-намыс, ұят, өнегелілік, әдептілік ұғымдарымен сипатталады.

Құқықтық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды саласы. Ол материалдық мәдениетпен тығыз байланысты. Мысалы, заң қорғау органдарының жұмыс істеу стилі мен қызметкерлерінің деңгейі, олардың кәсіптік және адамгершілік қасиеттері осы елдегі құқықтық мәдениеттің қалыптасып, дамуына ықпал етіп отыратын маңызды факторлар. Сот, тергеу және прокурорлық органдардың материалдық базасы құқықтық мәдениетті бағалауға еске алынып отырады. Қылмыстық процесс мемлекеттік іс-әрекеттің формасы ретінде заңмен реттеліп отыратын болғандықтан, ол әр уақытта құқықтық мәдениет тұрғысынан бағаланып отырады. Заң шығару мен қолдану іс-әрекеті құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал жасап отыруы қажет. Құқықтық мәдениет адамгершілікпен тығыз байланысты. Адамгершілік жоғары болған сайын құқықтық мәдениет те жоғары бола беретіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасында жалпыға құқықтық білім беру жұмысын үкімет басқарады, ал оны әдістемелік жағынан Юстиция басқармасы қамтамасыз етеді. Республикалық министрліктердің, мемлекеттік органдардың басшылары өзінің қарамағындағы қызметкерлерінің құқықтық білімін көтеруге жағдай жасайды, оны ұйымдастырады.

Жалпыға бірдей құқықтық білім беру – бүл қысқа мерзімге арналған жұмыс емес, көп уақытқа созылатын, жоспарлы, болашаққа иек артатын кешенді жұмыс екенін ұмытпаған жөн. Жалпыға бірдей құқықтық білім беруді енгізу-дің негізі жергілікті әкімдердің қаулылары, министрлік басшыларының бұйрықтары сияқты директивалық құжаттар болып қабылады. Жалпыға бірдей құқықтық білім берудің бастапқы ерекшелігі – оның нақты салаларға, жүйелерге бағытталуы. Әрбір саланың, жүйенің басында тұрған ұйымдастырушы субъектілер өзіндік жол тауып, өзіндік жоспар құрып, өзіндік бағдарлама арқылы білім беруді ұйымдастыра алады.

Қазіргі жағдайда адамдардың құқықтық білімінің нашарлығын пайдаланып, өзінің қара басының қамын ойлайтын алаяқ заңгерлерге бірден-бір тосқауыл – адамдардың құқықтық білімінің болуы. Адамдардың құқықтық білімін арттыру әлі күнге дейін құқық қорғау ұжымдарында кездесіп қалатын құқық талаптарын бұзуға бейім өзімшіл өркөкіректерді айықтыруға үлкен әсер етуі сөзсіз.

Сонымен, құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің қоғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана –сезімдерінің жиынтығы.

Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің бағаларының жүйесі. Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Құқықтық сананың деңгейін жүйелендіретін факторлар арқылы анықтауға болады. Ал ғылыми құқықтық сана – құқықтық теорияларды игеру процесінде қалыптасады. Құқықтық сана мемлекетте ресми қолданыста жүргізіліп отырған құқық идеологиясымен тікелей өзара байланыста болып отырады.

Құқықтық сана саяси санамен де тығыз байланыста дамып отырады. Билікке келген және саяси лидерлікке ұмтылған қоғамдық топтар құқықтық жағынан өз идеяларын, ойларын тиімді құқықтық жүйе түрінде бейнелеуге тырысады. Сондықтан дүниежүзілік практикада саяси топтар өздерінің мүддесіне жақын етіп Конституцияның, заңдардың өз варианттары үшін күресіп отырады. Қай кезде болсын, кез келген саяси партиялар мен біріккен саяси топтардың өзіне тән, өздерінің болашаққа деген көзқарасына сәйкес идеологиясы болады. Кеңес үкіметі дәуірінде коммунистік идеология үстемдік еткені баршаға айқын.

Незаконное вторжение в жилище влечет уголовную ответственность

В городе Туркестан 31 летний мужчина в ночное время в нетрезвом состоянии зашел через входную дверь в чужой жилой дом, где проигнорировав требования хозяина выйти из дома, подрался с ним и нанес средней тяжести вред здоровью.
По данному факту Управлением полиции города Туркестан проведено досудебное расследование по ч.2 ст.149 Уголовного кодекса РК (незаконное вторжение в жилище в ночное время против воли проживающего в нем лица с применением насилия), по результатам которого прокуратурой города уголовное дело было направлено в суд.
Приговором Туркестанского городского суда от 06.10.2022г. ему назначено наказание в виде ограничения свободы на 1 год с привлечением к 100 часовому принудительному труду.Приговор вступил в силу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы