Заңсыз атыс қаруын сақтау қылмыс

613 көрілім

Tүркістан қаласының прокуратурасы заңсыз атыс қаруларын сақтады деген айыппен Түркістан қаласының тұрғыны 1994 ж.т. Э.Жақыповқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Ағымдағы жылдың жаз айында жол патрульдік полиция қызметкерлері бір автокөлікті тоқтатқан сәтте жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Полиция қызметкерлері автокөлікті қуалап ұстаған сәтте оның ішінде жолаушы ретінде болған Э.Жақыповтың қалтасынан екі атыс қаруы табылған.
Тергеу нәтижесімен Түркістан қаласының полиция басқармасының тергеушісі соңғының іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) саралаған.

Қазақстанда азаматтық қаруға адамдар өзін-өзі қорғау, спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қару жатады. Кәмелет жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы қару алуға қызығушылық білдірсе, нақты құжаттар арқылы қаруды сатып ала алады. Ал 16 жасқа толған азаматтарға лақтырылатын (садақ пен арбалет) қаруды спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға рұқсат беріледі. Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыш, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтынын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгісін қосқанда пневматика қаруы тіркеудің керегі жоқ. Азаматтар бұл қаруды рұқсат алмай-ақ, жеткізіп берушілерден – заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар. Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы аңшы куәлігі бар азаматтарға беріледі. Тегіс әрі ұзын ұңғылы атыс қаруын аңшы куәлігі болмаса да, азаматтар тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша өзін қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар. Бір азаматқа аңшылық үшін жалпы төрт қару ұстауға рұқсат беріледі. Оның екеуі тегіс ұңғылы, екеуі ойық ұңғылы. Ал спорттық қаруды бір адам бес данаға дейін ұстай алады. Сонымен қатар өзін қорғауға арналған қарудың әр түрін алғанда екі данадан аспауға тиіс. Ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, газ пистолеті мен револьвері иемденіп сатып алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс. Қаруға рұқсат алу үшін азамат тұратын жеріндегі ішкі істер органына өтініш, көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, маскүнемдікке немесе нашақорлыққа байланысты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медицина анықтамасын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат тапсыруға міндетті. Егер азамат заңсыз қару алып жүрсе, ол Қылмыстық кодекстің 287-бабына сай жауапкершілікке тартылады. Азаматтық қаруды адам тек аңшылық және спорт үшін пайдалана алады. Себебі қарудың өзі де тек осы мақсатта беріледі. Ал өзін қорғау мәселесі қиынырақ. Адам бұл қаруды тек өте шарасыз кезде, төтенше жағдайда қолдануына болады. Азаматтар өмірін, денсаулығын және меншікті қорғау үшін аса қажет жағдайда және қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде қаруды қолдана алады. Ерекше міндеттері бар ұйымдардың қызметкерлері қаруды табиғатты, табиғи ресурстарды, меншікті күзету, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өзіне заңдарда жүктелген міндеттерді орындау кезінде және өзін қорғау үшін қолдана алады.Қарудың әр оғы үшін азамат тек үйіне барып, сұрастырған кезде ғана жауап береді. Басқа кезде әр оқ үшін есеп бермейді. Жалпы патрон саны бір адамда 100 данадан аспауы керек. 50 ойық ұңғылы, 50 тегіс ұңғылы оқ болуына ғана рұқсат. Қару міндетті түрде сейфте тұруы керек. Ал сейф қабырғаға немесе жерге бекітілген, қағылған болуы қажет. Бұл жерде сейфтің қалыңдығы да заңға сай болуға тиіс. Заң бойынша сейфтің қалыңдығы 3 миллиметрден кем болмауы қажет. Ал қаруды балалардан алыс ұстау тәртібі әркімнің өзіне байланысты. Азамат өзі алған қаруды басқа адамға, отбасы мүшесіне беруіне тыйым салынады. Сонымен қатар қару иесінің мына әрекеттерді болмайды: азаматтардың митингіге, шеруге, демонстрацияға, пикеттер мен басқа да көпшілік-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың қару алып жүруіне; қаруды қоғамдық орындарда ашық (қабына салынбаған күйде) алып жүруіне; қаруды ұлттық киімге жабдық ретінде рұқсатсыз тағынуына тыйым салынады. Егер қару жоғалса немесе ұрланса, бұл туралы Ішкі істер органына хабарлануы керек. Ал қаруды жоғалтқан адамға Қазақстан Әкімшілік кодексінің 486-бабының 1-бөлімі, 3-бөлігіне сай хаттама толтырылады. Азамат қаруды иеленген соң оны тіркеуге, сақтауға, алып жүруге рұқсат алуы керек. Рұқсаты бар болып, алып жүру мерзімін ұзартқысы келсе, Ішкі істер органына барып, қаруы мен құжаттарын көрсетуі керек. Егер азамат тұрғылықты мекенжайын ауыстырса, қаруды сол жерге есепке қоюы керек. Ол үшін Ішкі істер органдарына өтініш білдіреді. Заңды тұлғаның қаруды ұстауына берілген рұқсат мерзімі аяқталса, сонымен қатар оны ішкі істер органымен келіспестен басқа филиалға берсе, органдарға тіркеу мерзімі бұзылса, айыппұл төлейді. Дәлірек айтқанда, жеке тұлғаларға 15 АЕК, шағын кәсіп субъектілері немесе коммерция емес ұйымдарға 20 АЕК, орта кәсіп субъектілеріне 30 АЕК, ірі кәсіп субъектілеріне 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Әкімшілік жазадан соң азамат тағы да рұқсат мерзімін бұзса, ішкі істер органдарымен келіспей, қаруды басқа филиалға берсе және тағы басқа заң бұзу қайталанса, айыппұл мөлшері де көбейеді. Қайталанған әрекет үшін азамат 20 АЕК, шағын кәсіп субъектісі немесе коммерция емес ұйым 30 АЕК, орта кәсіп субъектісі 40 АЕК, ірі кәсіп субъектісі 70 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі керек.Азаматтық қаруды, оның патронын сақтауға және алып жүруге рұқсаттың күші жойылғанда азаматтар қаруды өткізуі керек, бірақ азамат осы тұста қаруды тапсырудан жалтарса, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.Қару иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркейді немесе қару арнайы комиссияға тапсырылады.Қару иесі қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелері осы қаруды бір ай мерзімде қайта тіркетуге немесе комиссиялық саудаға өткізуге міндетті.Қару қолданбас бұрын қарсы қолданылатын адамға бұл жайында нақты ескерту жасалуға тиіс. Әйелдерге, мүгедектігі бар адамдарға, жас шамасы белгілі немесе кәмелетке толмағандар қарулы немесе топтасып шабуыл (зорлық- зомбылық) жасаған жағдайдан басқа кезде оларға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.Қару қолданудың барлық жағдайында маңайдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, зардап шеккендерге шұғыл медицина көмегін беру қажет. Сонымен қатар болған жайды тез арада ішкі істер органы мен прокуратураға хабарлау қажет.

Қаңтар оқиғасынан кейін өткен Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына қарата айтқан сөзінде қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, бұл мәселені заң тұрғысынан реттеу қажеттігін тапсырған болатын. Себебі қаңтардағы қырғын ел ішіндегі қару айналымы, халықты қарусыздандыру мәселелерінің өткір екенін айғақтап берді.

Адам қай кезде қолына қару алады? Өзін, отбасын қорғау үшін, өмірін, қоғамдағы орнын, абырой-беделін, намысын аяққа таптатпас үшін. Алайда баяғының батырлары қаруларын ешқашан қадірсіз іске қолданбайтын. Ал бүгінгінің «баһадүрлері» қорғанысты емес, қылмысты көбірек жасайды.

Елдегі криминогендік жағдай қарумен жасалатын қылмыстың азаймай тұрғанын көрсетіп отыр. Мәселен, ел көлемінде соңғы бір апта ішінде 2 992 қылмыс жасалса, полиция органдары 12 адам өлтіру, 2 өлімге әкеп соққан денсаулық­қа қасақана ауыр зиян келтіру, 3 қарақ­шылық пен 42 тонау дерегін тіркеген. Бұдан бөлек 500-ге тарта ұрлық жасалған. Осы қылмыстардың басым бөлігінде «қару қолданған» деген сөз кездеседі.

Кешегі қаңтар қырғыны мен әлемдегі күн сайын күрделене түскен геосаяси ахуал құқық қорғау органдарына елдегі қару-жарақ мәселесіне тереңінен қарауды түсіндірді. Әсіресе, «Қасіретті қаңтар» кезінде тіркелген қылмыстар заңсыз айналымда жүрген қарудың кез келген уақытта бейбіт халыққа қарай оқ ата алатынын айғақтап берді. Бұл қауіпті ІІМ Тергеу департаментінің басшысы, полиция полковнигі Санжар Әділов те жоққа шығармайды.

ІІМ өкілі ішкі істер органдарының жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақтарды іздеу мен алу бойынша жедел-іздестіру жұмыстарына ерекше көңіл бөліп отырғанын алға тартты. «Қаңтар оқи­ғасы кезінде тіркелген қылмыс­тарды тергеу кезінде біз атыс және суық қаруды заңсыз сақтау мен сатуға қатысты әрбір ақпаратты жіті тексеруге көштік. Тіпті халық арасында бір қаруға қатысты қандай да бір ақ­парат белгілі болса, бірден полицияға хабарлау қажеттігі туралы ұдайы ескертіп келеміз. Неліктен? Өйткені заңсыз айналымға түскен қаруды қылмыскерлер кез келген уақытта қарапайым халыққа қарсы қолдана алады. Мұны дәлел­деп жатудың қажеті шамалы. Елі­мізде тіркеліп жатқан аса ауыр қылмыс­тар­дың дені қарумен жасалады», дейді полиция полковнигі.

С.Әділовтің айтуынша, қаңтар­дағы қантөгістен кейін қылмыс­кер­лердің қолында жүрген 1 386 қару-жарақ алынған. Күллі қазақ жұртын үрейде ұстаған қаныпезерлер 154 автомат пен 419 тапаншаны жа­сы­рып қалмақ болған. Сондай-ақ 166 жарақаттайтын қару, 70 арнайы мылтық, 30 гранатомет және 22 мыңнан астам оқ-дәрі алынып, тәркіленді. Ал естеріңізде болса, Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 3 мыңға жуық қару ұрланғанын ресми мәлімдеген болатын. Сонда полиция қызметкерлері осы ұрланған қарудың әзірге үштен бір бөлігін ғана тауып отыр. Бұл табылмаған 2 мыңға жуық қару-жарақ – соның ішінде тапанша, граната, пулемет, мылтықтар әлі күнге дейін қылмыскерлердің қолында жүр деген сөз.

Алайда Тергеу департаменті­нің басшысы ұрланған қаруды іздеу іс-шараларының әлі де жүр­гізіліп келе жатқанын атап өтті. С.Әділовтің мәлімдеуінше, жақын­да Алматы қала­сындағы «Оружейник» дүкенінен қару ұрлаған тағы бір күдікті қолға түскен. Күдікті қол­ды қылған қару­ды осы уақытқа дейін Түркісб ауданын­дағы қараусыз қалған бір ғимаратта сақтап келген екен. «Ұсталған адамнан шолақ карабин және тегіс ұңғылы мылтық алынды», дейді полков­ник. Ал қаңтар қырғынында бір ғана Алматы қаласында 7 қару-жарақ дүке­ні тоналған болатын.

Осыдан екі жыл бұрын құқық қорғау органдары Қазақстанда заңсыз қару-жарақ сатып алу және сақтау деректері рекордтық көрсеткішке көбейіп кеткенін айтып дабыл қаққан болатын. Қару айналымына қатысты қылмыс көбейіп, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау деректері жиілеп кет­кенде антирекордтың басында Ал­маты қаласының тұрғаны да айтылды. Қозғалған қылмыстық істердің са­ны бойынша алдыңғы үштікке Шы­ғыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы енген еді.

Қару мәселесі қаңтар оқиғасынан кейін Сенат қабырғасында да қызу талқыланды. Депутаттар елімізге контрабандалық жолмен келетін қаруға қылмыстық жауапкерші­лік енгізуді ұсынды. Осы мәселеге қатысты арнайы депутаттық сауал жолдаған сенатор Андрей Лукин соңғы 3 жылда елімізде 545 мың қыл­мыс тіркелгенін айтып, оның 600-інде атыс қаруы қолданылғанын жеткізді. «Бұл қарулардың 90 пайызға жуығы заңсыз айналымда болған. Газды, травматикалық, сигналдық және пневматикалық қарудан оқ атқан фактілері де аз емес. Сондықтан қару-жарақтың заңсыз айналымына жазаны күшейту керек», деді депутат.

Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс­керлердің басты көздегені – полиция департаменттері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимарат­тарын басып алу болды. Түпкі мақсат­тары түсінікті. Яғни департаменттегі қару-жарақ қоймасына қол жеткізу. Осы қаралы күндері тіркелген адам өлімдерінің басты себебі қару-жарақ дүкендерінен тоналған атыс қаруы мен заңсыз иеліктегі қару болғанын да бүкіл жұрт біледі. Сондықтан да қарудың заңсыз айналымын тиімді бақылау және алдын алу іс-шараларын дер кезінде қолдану – түптеп келгенде қоғамдық қана емес, ұлттық қауіпсіздіктің басты белгілерінің бірі екені сөзсіз.

Ал ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Қару айналымын бақы­лау бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Асылбек Ыдырысовтың мәлімдеуінше, халықты жаппай қару­сыздандыру науқаны елімізде 2012 жылдан бері жүргізіліп келе­ді. Х­алықта заңсыз сақталған, тіркел­меген қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алу акция­сы тәуелсіздік жылдарында 10-нан көп өткізілген. Бұл науқанға жыл сайын бюджеттен миллиондап қаржы бөлінеді. Бір қару үшін 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша төленсе, сыйақы мөлшері қарудың техникалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. «Қару тапсыр да ақша ал!» деген үндеумен жүргізілген акцияның бас­ты көздегені – қарапайым халықтан заңсыз атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу арқылы қарумен жасалатын қыл­мысты ауыздықтау.

Биыл ақпан айының 3-нен бас­тап ел көлемінде «Қару» жедел-алдын алу операциясы іске қосыл­ды. А.Ыдырысов бұл іс-шараның еліміздегі криминогендік ахуалға байланысты аймақтарда ұдайы өткізі­летінін жеткізді. Тоғыз мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған операцияның алғашқы мәліметтеріне сәйкес, айналымнан мыңға жуық қару алынған. Оның ішінде заңсыз айналымнан алынғандары да, қаңтар оқиғасы кезінде қолды болғандары да бар. Сондай-ақ 6,5 мыңнан астам ойық қарулардың оқ-дәрілері мен 500-ден астам жарылғыш құралдары табылған. «Қару» басталғалы бері Қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бо­йынша 318 қылмыстық іс қозғалған. Қару айналымына қатысты өз істерін жүргізетін 2 мыңға жуық заңды тұлға тексеріліп, қаруды сақтау, алып жүру, тіркеу және қайта тіркеу ережелерін өрескел бұзу бойынша 4 700-ден астам заң бұзушылық анықталған.

Қару айналымын бақылау бөлі­мінің деректеріне қарағанда, 2018 жылға дейін Қазақстан бойынша азаматтық және қызметтік қару-жарақ сататын 103 дүкен жұмыс істеп келген. Алайда 2018 жылы қару сататын дүкендерге қойылатын талаптар күшейтілгеннен кейін олардың саны 98-ге азайған. Полковниктің айтуынша, Қазақстандағы қару-жарақ сататын дүкендер келісімшарт негізінде тауарларын көбіне Ресей, Түркия, Италия секілді мемлекеттерден алдыртады. Ал нақты қандай қарудың айналымына шектеу қойылғаны туралы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заңның 7-бабында егжей-тегжей жазылған. Мәсе­лен, осы баптың 7-бөлігіне сәй­кес қаруды ұлттық киім­ге жабдық ретінде рұқсатсыз тағуға да тыйым салынған.

Айта кетерлік бір жайт, Қару айналымын бақылау бөлімі негізінен елдегі азаматтық және қызметтік қару айналымына ғана жауапты. «Біз заңсыз айналымды бақыламаймыз. Оны бақылауға қауқарымыз да жетпейді. Біздің басты мақсатымыз – лицензия беру, рұқсат берген­нен кейін қару иелерін тексеру, қару сақтау, тіркеу талаптарын, қару-жарақтарды алып жүру ережелерінің бұзылмауын қадағалап-тексеру», дейді А.Ыдырысов.

Қаңтар оқиғасынан кейін қоғам­ды екіге жарған сұрақтың бірі осы. «Керек» дейтіндердің айтар уәжі – заң жүзінде қару ұстауға рұқсат берілсе, елде қылмыс азаяды. «Қару адамдарды теңестіреді» ұстанымын қолдайтындар елдің бәрінде қару болса, біреудің ақысын жеу, алдап-арбау мен зорлық-зомбылық, тонау болмас еді дегенді алға тартады. Қару ұстауды қолдайтындар қаңтар оқиғасы кезінде жеке кәсіп қожайындарында қару болса, мародерлер соншалықты басынбас еді дегенді де тілге тиек етеді. Ал екін­шілері жемқорлықты ауыздықтай алмай отырған елде екінің біріне қару ұстатып қою – үлкен қауіп екенін айтады. Әсіресе, желігі басылмаған жастар мен есерсоқтардың қарумен жүруі қылмысты қоюлата түспесе, азайтпасы анық екенін ескертеді.

Рас, елімізде қаруды екінің біріне ұстата бермейді. Кез келген адамға қару сатылмайды. Ол үшін арнайы заң, бекітілген ереже мен қатаң талаптар бар. Мәселен, «Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекет­тік бақылау жасау туралы» заң­ға сәйкес 18 жасқа толған Қазақстан азаматының азаматтық қару алуға құқығы бар. Алайда ол ең алдымен, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемдену үшін рұқсат алуға тиіс. Ал рұқсат алу үшін алдымен психикалық тест жүргізіледі, соттылығы, қару ұстау дағдысы мен тәжірибесі ескеріледі, денсаулығында кінәрат болмауы жан-жақты тексеріліп, заң аясында ғана сатылады.

Жалпы, елімізде азаматтық қаруға адамдардың өзін өзі қорғау, спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қару-жарақтар жатады. Заңға сәйкес, бір адамға аңшылық үшін төрт қару ұстауға рұқсат беріл­ген. Оның екеуі тегіс ұңғылы, екеуі ойық ұңғылы. Ал спорттық қаруды бір адам бес данаға дейін ұстай алады. Сонымен қатар өзін қорғауға арналған қарудың әртүрін алғанда саны екеуден аспауға тиіс.

Қару айналымын бақылау бөлімі­нің басшысы А.Ыдырысовтың айтуынша, елімізде қаруды сақтау мен алып жүруге заң жүзінде бес жыл­ға рұқсат берілген. «Бұл мерзім аяқ­талғаннан кейін белгіленген тәртіп пен талаптар бойынша қаруды иелік ету уақыты ұзартылады», дейді ол.

ІІМ-нің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда ішкі істер органдарын­да 235 мыңға жуық азаматтық қару иесі және 2 мыңнан астам қызмет­тік қару субъектісі есепте тұр. Қыз­меттік қару ұстап жүрген 2 мың­нан астам заңды тұлғаның басым бөлігі жеке күзет агенттіктері, инкасса­ция, қорықшылық, Қазпошта қызметкерлері.

«Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мәселен, арнайы операция басталғаннан бері біз қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 325 материал тіркедік. Сондай-ақ әкім­шілік жауапкершілікке 519 азамат тартылды», дейді полковник сөзінің соңында. Осы уақыт аралы­ғында азаматтар өз еркімен 120 қару­ды тапсырған. Полковник қыл­мыс құрамы анықталмаса, іс-әре­кеттерінде заңсыздық болмаса, қару-жарақтарды өздері әкеліп, полицияға тапсырғандардың ешбірі қандай да бір жауапкершілікке тартылмайтынын тағы бір рет ескертіп өтті. «Қару тапсыру айналып келгенде әр азаматтың сана-сезіміне байланыс­ты. Қылмыс жасауды ойлап жүрген адамның өз еркімен қару тапсыра қоймасы анық», дейді ол.

Незаконное хранение огнестрельного оружия влечет уголовную ответственность

Прокуратурой г.Туркестан направлено в суд уголовное дело в отношении жителя г.Туркестан Жакыпова Э., 1994 г.р., по обвинению в незаконном хранении огнестрельных оружий.
Летом текущего года сотрудниками дорожно-патрульной полиции был остановлен автомобиль, водитель которого пытался скрыться с места происшествия. В результате погони автомобиль был задержан, при этом у находившегося в нем в качестве пассажира Жакыпова Э. в кармане обнаружены 2 огнестрельных оружия.
По результатам расследования следователем Управления полиции г.Туркестан с согласия прокурора действия последнего квалифицированы по ч.3 ст.287 Уголовного кодекса РК (предусмотрено наказание в виде штрафа в размере до 5000 МРП либо исправительными работами в том же размере, либо ограничением свободы на срок до пяти лет, либо лишением свободы на тот же срок).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы