ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫН БОЛДЫРМАУ ӘРБІР ЖҮРГІЗУШІНІҢ БАСТЫ МҰРАТЫ

376 көрілім


Барлық дерлік жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады. Сондықтан жүргізушінің жолкөлік оқиғасы кезіндегі ролін баса көрсетуді жөн санап отырмыз. Көлік құралын басқаратын кінәлі тұлғаның кез-келген апатты жағдайында оның белгілі бір апатты оқиға сәтіндегі психологиялық-жай-күйі әсер етеді. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің көрсетуі бойынша жол-көлік оқиғасы кезіндегі жүргізушілердің жасайтын әрекеттері. Белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзу; ақауы бар көлікті басқару, ара-қашықтықты сақтамау, реттеу дабылына бағынбау; жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу; жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және т.б.
Жол-көлік оқиғасының жиелеуіне түрткі болатын тағы бір мәселе: жаяу жүргіншілердің арнайы жолақпен белгіленген жолдан өтпеуі; көлік-құралынан кенеттен шығып кету; көлік құралын басқарушылардың мас күйінде болуы, қала ішіндегі ара-қашықтықтың ұзақ орналасуы, қала халқының тығыз орналасуы ішкі урбанизация процесі және т.б.
Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, көлік қылмыстары көп функциялы, әлеуметтік, психологиялық құбылыс екендігін байқауға болады. Жол-көлік оқиғасын ережесін бұзу субъектінің әрекетінен, өзге көлік жүргізушілері әрекетінен, психикалық қоршаған ортадан, жолдың жағдайынан, жол жүрісі ережелерінің айқын бейнеленуінен, табиғат жағдайының ықпалы, көлік шығарушы мекеменің сапалы өнім өндірісі, көліктің жайкүйі, техникалық талапқа сай болуы, жүргізушінің жауапкершілігі мен құқықтық біліктілігі, субъективті көзқарасы жол-көлік оқиғасының орын алуына ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады. Осы ретте Түркістан қаласының прокуратурасы жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында өздерінің тарапынан алдын алу барысына барынша көңіл бөліп келеді. Сонымен бірге, аталмыш жайтқа байланысты мына бір оқиғаны ұсынады. Атап айтсақ, жол-көлік оқиғасын жасап, жәбірленушінің денсаулығына «орта» дәрежелі зиян келтірген қала тұрғыны 1990ж.т. А.Момбековқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.
Ол «Honda» маркалы автокөлігін Ерубаев көшесінің бойымен басқарып келе жатып, жол жүрісі ережелерін сақтамай, жол жиегінде тоқтап тұрған екі автокөлікті соғып, бір көлік иесінің денсаулығына «орта» дәрежелі зиян келтірген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша А.Момбеков күдікті деп танылып, оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігімен (белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады) сараланды.
Өз кезегінде Түркістан қалалық прокуратурасы Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын жол жүрісі ережелерін мүлтіксіз сақтауға және жолдарда сақ болуға шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы