МАС КҮЙДЕ ЖАСАЛҒАН ӘРЕКЕТ ЖАЗАДАН ҚҰТҚАРМАЙДЫ

338 көрілім


Мас күйде көлік басқарып, жазаға тартылған азамат жайындағы Түркістан қалалық прокуратурасының дерегі жөнінде мақала жариялаған едік. Осындай жайды ескеріп, қала тұрғындарына «керек кеңес» айдары аясында тақырыпқа сай бірқатар мәселелерге тоқталып өтпекпіз.
Ғалымдар “Әуелі маскүнемдіктің қоғамдық өмір негізі – өндіріске тигізетін зияны көп” – дейді. Еңбек тәртібінің бұзылуы, шығарылатын өнімнің саны мен сапасының төмендеуі, өндірістегі түрлі жарақат, еңбек адамының жұмыстағы өлімі немесе мүгедекке ұшырауы, тағы басқа жағдайлар маскүнемдікке байланысты екенін нақтылы, толық көрсеткен.
1958 жылғы шыққан заңға дейінгі заңда мас күйінде жасалған қылмыстардың жауапкершілігі әртүрлі болып келеді. Мысалы, 1934 жылғы заңда мас күйінде жасалған қылмыстар үшін есі дұрыс еместікті пайдаланбайтын, маскүнемдіктің қандай түрі болады, соған жауапкершілікке тартылаатындығы айтылған. 1937 жылғы заңның 10-бабында өзін-өзі мастық жағдайға келтіріп, уақытша өзі ісіне есеп бере алмай қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін жаза тағайындалуы керекделінген. 1958 жылғы заңның негізі де соған сәйкес. Біздің республикамыздың Қылмыстық Кодексінде (12-бабында) қылмысты мас күйінде жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды делінген.
Көрнекті психиатр-ғалымдар маскүнемдік адамның екі жағдайын аңғаруға болады дейді. Ішпеген соң уақытында өте сабырлы, ал мас күйінде аянышты, әжуалы, сиықсыз болып көрінеді. Дегенмен, заңда мас күйінде қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылуы, жаза тағайындалуы қажет екенін көрсетеді.
Әрине, мас күйінде жасаған іс-әрекетіне кінәлінің саналы түрде есеп бере алмайтыны, келетін зардапқа толығымен жауап беру қабілетінің жетпейтіндігі белгілі болғанымен өз қылығына, жасаған әрекетіне есеп бере алады, әрекетін басқара алады. Қылмыстық құқықта маскүнемдік физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді.
Физиологиялық (жабайы маскүнемдік)- уақытша жүйке жүйелерінде өзгешеліктердің болуы. Кей кезде сана-сезімі азайып, болып жатқан жағдайға толық жауап беруге қабілеті жеткіліксіз болуы. Дегенмен, жүйке жүйесінің әлсірегенін, қабілетінің жеткіліксіз болғанын, болып жатқан жағдайда анықтауға шамасының келмегенін, ішімдіктің салдарынан есінің уақытша кіресілі-шығасылы ауруы болмаса, кемақылдылық ауруы бар деуге болмайды. Мұндайда адам өзінің айналасындағы көріністерде не болып жатқанын, жалпы жағдайды болжай алатындай, өз қылығына жауап бере алатындай сана сезімде болады деп ойлау керек. Көбінесе адам мас күйінде де өзінің ісіне есеп беріп және өзін-өзі ұстай алатындай күйде де болады. Қандай мөлшерде ішсе де есінен айырылмайтын жағдайда болуы мүмкін. Ал көп жағдайда оның яғни мас адамның санасында елестеушілік (галюцинация), сандырақтау сияқты қасиеттерді аңғара алмаймыз.
Елесті ауру (белая горячка), көз алдына елестеушілік (алькогольный галлюциноз), сандырақтау (корсаковский психоз) ауруларымен ауру мезгілінде жасаған іс-әрекеттер болса, қылмыстың жауапкершіліктен босатылып, ем қолданылады.
Физиологиялық мас болудан патологиялық мас болуды ажыратып алу қажет. Патологиялық мас болу дегеніміз – психиканың қатты, аз уақытта бұзылуы. Патологиялық мас болғанда сананың дертті өзгерісі салдарынан кенеттен сандырақ, елес пайда болады, адам бағдардан айырылады, шындықтағы байланысты жоғалтады, себепсіз үрейленеді, ашу пайда болады. Дүлей әрекеттерді кенеттен, қатыгездікпен жасайды және талқандап бүлдіруге бейім болады. Патологиялық мас болу алдын-ала соған итермелейтін факторлар (қажу, үрейлену, мазасыздан т.б) болғанда туындайды және ол алкогольді қанша қабылдағанға байланысты емес.
Қылмыстық заңда көзделген қылмысты патологиялық мас жағдайында жасаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Патологиялық мас болу жағдайында адам, өзінің психикасының уақытша ұзылуы себепті, өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну және оған ие болу қабілетінен айырылады, яғни бұлжағдайда Қылмыстық кодекстің 16-бабында көрсетілген есі дұрыс еместіктің медициналық және заңдық белгілері болады. Мұндай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлей шаралары қолданылуы мүмкін. Мас күйінде көлік жүргізгендерге заң жазаны қатайтқанына қарамастан, «ащы су» ішіп алып, темір тұлпар тізгіндейтіндер айыл жияр емес. Бұған тәртіп сақшылары өткізген «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты екікүндік алдын алу шарасы дәлел бола алады. Қылмыстық Кодекске мас күйде көлік басқара отырып, адамның денсаулығына зиян келтіру немесе өлімге әкелу бойынша жауапкершілік күшейтілген жаңа бап енгізіліп отыр. Бұған дейін кінәлілерді жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша жалпы баппен ғана жазалау қарастырылған.
346-бап бойынша аталған қылмыс қайталанса, оның жазасы қатая түседі. Тәртіп бұзушы бірден көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады. Яғни жүргізуші куәлігінен айырылғандар мас күйде көлік рөліне отырып оқыс жағдайға жол берсе, қатаң жаза қолданылады. Нақтырақ айтсақ, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жағдайда жүргізушілерге 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылады. Ал өлім жағдайына әкелсе, кінәлі жүргізуші 7-9 жыл бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік рөліне отыру құқынан шектеледі.
Айта кетейік, бұған дейін мұндай қылмыс жағдайында егер адам денсаулығына ауыр зиян келтерсе, 3 мың АЕК айыппұл, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу, 6 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу, ал өлім жағдайы оры алғанда 5-7 жылға дейін бостандығын шектеу, 7 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу жазасы қолданылған болатын.
Адам өлтіру, денеге жаракат салу, бұзакылық көбіне саябақ, дискотека, клуб, кафе, мейрамхана сияқты көпшілік орындарда, көшеде жасалынады. Оған әдетте табанасты туындаған жағдай себеп болады, елеулі басараздық болмайды, жанжалдың немен бітерін алғашында болжау қиын. Мас күйде болу, көбіне қылмыстың жасалуына әкеп соғады. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, қылмыскердің кармағына ілінетіндер, негізінен, аздап болса да ішімдік ішкендер. Ішімдік — болашақ кұрбанның сақтану, қарсыласу, өз мінез-құлқына бақылау жасау қабілетін азайтады, арандатушылық әрекетке итермелеп тұрады. Ол ешнәрседен қайтпайды, ешқандай қылықтан жіміркенбейді. Арғы жағынан «түрт шайтаны» итермелеп тұрған соң ішіп алған адам табанасты, ойланбай әрекет жасайды, сонымен кылмысқа барады.
Бұл жерде кімнің қылмыскер, кімнің кұрбан болатыны белгісіз. Мысалы, даугер, ұрысты бастаған адамның өзі таяқ жеп, жәбірленуші болып қалуы мүмкін. Осыған байланысты криминолог мамандардың айтқанымен келіспеуге болмайды, онда былай дейді: «кімде-кім өмірде кеудемсоқ, сотқар болса, басқаларға тиісіп, қорлайтын болса, әркімге ілінісіп қалыптан тыс мінез көрсетсе, күндердін күні өзінен басым басқа біреуден зәбір шегуі сөзсіз».
Мұндай жағдайларда кейде құрбанның тұлғасын қылмыскердің тұлғасынан айыру киын, кейбір қылмыстық әрекеттердің даму барысында олар өзара орын ауыстыруы мүмкін: шабуыл жасаған құрбан болып, корғанушы кылмыскерге айналып кетеді. Кұрбанның мінез-кұлкын зерттеу қылмыстың алдын алу үшін қажет.
Мас күйіндегі адамның қарсыласу қабілеті төмендейді, сондықтан оған қарсы күш көрсету оңай. Мұндай адамдар кездейсоқ және күдікті таныстықты тез жасасады, жанжалға, төбелеске ұйытқы болады. Ішімдік адамның делебесін қоздырады, оны жанжалға итермелеп тұрады: жаман пиғылмен біреуге тиіскісі келіп тұрады, өзін-өзі тежеуінің нашарлағанынан ол ұстамдылығын жоғалтады.
Есірткіге мас болғанда да осындай мінез көрсетеді. Польша заңгері Б. Хльест өзінің «Өлтіру генезисіндегі жәбірленушінін рөлі» атты кітабында өздерінің мінез-құлкы мен әдеттеріне карай кұрбан болуға бейім тұрған жәбірденушілерді топтастырады. Маскүнемдерді, жезөкшелерді және дөрекі, ұстамсыз мінез көрсететін арам ниетті адамдарды ол «кінәлі бейімділік»тобына біріктіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы