КЕЛЕСТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТЕР БОЙ КӨТЕРМЕК

578 көрілім

Келес аудана қарасты Біртілек ауылдық округінде 300 орындықты екі мектеппен мәдениет сарайы салынады. Мектептің бірі мемлекет қаражаты есебінен жүзеге салынса, енді бірі жеке кәсіпкер тарапынан жүзеге асырылуда. Ауылдық округі орталығынан 200 орындық мәдениет сарайының құрылысы жоспарға енгізіліп, тиісті қаражаты бөлінуде. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеген болатын.

«Біз жергілікті әкімдіктердің жанынан құралған қоғамдастық кеңестің мүшелелері ұсынған жұмыстарды іске асыруға күшті жұмылдырудамыз. Атап айтқанда сұранысқа сай мектеп, дәрігерлік амбулатория, жол құрылысы сынды жұмыстарды осы өздеріңіздің араларыңыздан таңдалған ауыл билері, төбе билерінің ортақ шешіміне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биылғы жұмыстар тікелей осы азаматтардың ұсынысы негізінде іске асты. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады» – деді аудан басшысы Ақментай Есбаев.

Айта кетсек, биыл Біртілек ауылдық округінде ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 5 көшеге асфальт жабындысы төселсе, ұзындығы 6 шақырымды құрайтын 3 көшеге шағал тас төселіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы