Жасөспірімдердің білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған жиналысқа Түркістан қаласы прокурорының орынбасары К.Танатов, қала әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, полиция қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен қамқоршы кеңестің мүшелері қатысты. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Қалалық полиция басқармасының бастығы Б.Жанаев баяндама жасап, оқушылардың түнгі мезгілде көшеде әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігін атап өтті.
Білім беру ұйымдарында және полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдерді бақылау және жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.
Жоспарға сәйкес, полиция басқармасымен «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атты түнгі рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде өткізілетінін мәлімдеді.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы», сондықтан бала тәрбиесіне мектеп мұғалімдерімен бірге ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауы маңызды екенін түсіндірді.
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып,оқушылар,студенттер демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып,мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі.Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін қарастырар болсақ, ол кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең — бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан.Жасөспірімдердің қылмысқа баруының жолдарын қарастырар болсақ — бала жүрегіне қатігездікті дарытуға себеп болатын адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын компьютерлік ойындар мен мультфильмдер. Онымен қоса сан ғасырдан бері дертке айналған арақ-шарап, есірткі, темекі, түнгі ойынханалар, маскүнемдікке салынған ата-ана, толық емес отбасы тағы да бар.Отбасында толассыз ұрыс-керістен көз ашпаған жасөспірімдер қылмысқа жақын болып келеді. Олар ата-ана қамқорлығынсыз қалады. Отбасында балаға дер кезінде қадағалау болып, ата-ана мен бала арасында сенімділік, достық сынды адами құндылықтар орнаса бала қылмыстық істерге бармасы анық. Отбасында жасөспірімдердің қылмысқа бармауын қадағалау жұмыстары басым болуы керек. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі: тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, бұған шектеулер мен жазалаулар жатады. Тек шектеулер мен жазалаудың ар жігін ажыратып, саналы түрде қолдану керек. Екіншісі түрі – көмекші қадағалау. Бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірімдер ата-ана мен айналасындағы басқа адамдардың осы сезімдерін жақсы сезінеді. Сол себепті отбасында баланы тек материалдық байлыққа ғана емес, рухани байлыққа бөлеп өсірсек біздің ұрпақ қылмысқа бармайды. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері ерекше орын алады. Ал сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғалардың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы анық. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Елімізде кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың ісімен шұғылданатын комиссия құрылған. Оған айтарлықтай арнайы өкілеттіліктер берілген. Егер ата-ана баласының тәрбиесіне қарамаса, комиссия оларды ата-ана құқынан да айыра алады.
Келешек ұрпақтың осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу үшін жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Осы орайда арнайы жүйелі құрылған жоспарлар бойынша әрбір жеткіншекке, әрбір ата-анаға: Қазақстан Республикасының 13.08.2002 жылғы «Бала құқықтары туралы» Заңы, Салауатты өмір салтын құқықтық қорғау үшін Қазақстан Республикасының «Шылым шегуге қарсы күрес туралы», «ЖИТС аурының алдын алу туралы», «Алкогольге қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік, Азаматтық қылмыс- тық кодекстері: кәмелетке толмағандардың құқық бұзу- шылықтары туралы.
-Қазақстан Республикасының «Отбасындағы неке туралы» Заңдары бойынша арнайы түсіндірме жұмыстары жасалынып, құқықтық жалпы оқыту қоғамдық пән мұғалімдерінің жетекшілігімен ақпараттық-насихаттық лекторлық топтарымен сауаттылықтарын арттыру керек. Сонымен бірге отбасында баланы қалай тәрбиелеу керек, қазіргі қоғамдағы балаға ең қажетті не нәрсе екендігін айқын көрсететін бағдарламалар жасалынып, клубтар жұмыс жасаса өз жемісін берері белгілі. Интернет билеген заманда түрлі жағымды-жағымсыз жаңалықтар айналамызды қоршағанда әркім өзіне керегін таңдап алуы керек. Бірақ жасөспірімдер бұл жағын ескермесі белгілі, сол себепті баламыз ғаламторда отырғанда да қандай да болмасын әлеуметтік желіні пайдалануда да бақылау болуы керек. Қазіргі техниканың дамыған шағында қылмыстық істердің орын алатын жері мен себебі осы ғаламтор болып отыр. Қоғамға қауіп төндіріп тұрған дінімізге қайшы жат ағымдар да осы әлеуметтік желі арқылы жымысқы ойларын іске асырып, оған жасөспірімдерді де араластырып жатыр. Сол себепті әрбір ата-ана балаға белгілі бір шектеу қойып, бақылау жасап отырса бала әлеуметтік желінің тек пайдалы тұсын тұтынары анық.
Бұндай жұмыстар отбасында баланы рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге, мінез-құлық этикаларын қалыптастыруға, жасөспірімдердің дұрыс жан-жақты тәрбие алып өсуіне көмектесері анық. Жасөспірімдер тәртібіне қатысты назарда тыс қалып келе жатқан тағы бір мәселе – колледждерде білім алушы жастардың жайы. Көптеген оқушылар 9-сыныпты аяқтаған соң, білімдерін колледждерде жалғастыратыны белгілі. Демек, ондағы оқушылар да кәмелетке толмағандардың қатарына жатады. Негізінен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың құпиясы тез ашылады. Өйткені олар қылмысқа балалықпен, аңғалдықпен барады. Демек, қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылына байланысты екенін есте ұстау керек. Бас бостандығынан айрылғандар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Құқық қызметкерлерінің мәлімдемелеріне назар аударар болсақ кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Сонғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.
Балалардың құқын қорғау – бәрінен қымбат. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету – олардың құқығын қорғаумен тікелей байланысты.
Қылмыстық істер бойынша жасөспірімдер жасаған қылмыстардың дені мүлікке қатысты қылмыстар. Мамандар бүгінде кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының бірнеше себептерін анықтап отыр. Ең алдымен отбасының нашарлығы мен жасөспірімдердің бос уақытының дұрыс жос-парланбауынан балалар белдері бесіктен шықпай жатып, қылмыскер қатарынан бой көрсетеді. Тұрмыстық және материалдық сипаттағы проблемалар да, ата-аналар мен оқу орындары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы да қылмысқа итермелейтін факторлар болып табылады.
Әдетте, балалар жасаған қылықтарына жауаптылықты сезінуге қабілетсіз келеді. Олар біреудің ықпалына да тез ереді. Сол себепті мамандар жасөспірімді қылмыс жасау-дан бойларын аулақ салатындай етіп, қайта тәрбиелеуге болатынын айтады. Жалпы, ювеналды соттың кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерді шешуде мүмкіндіктері көп. Ендеше келешек ғұмырымызды жалғастырар ұрпағымыздың тәрбиесімен осы кезден бастап айналысып, жасөспірімдеріміздің болашағына дұрыс бағдар беріп рухани жан-дүниесін байытып, «елім, жұртым» — деп тұратын азамат етіп өсірейік.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар.
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады: Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет кұрылымдарына байланысты; Психологиялык фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты; Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен; Социологиялык фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялык факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен: Төменгі экономикалық — қоғамдық статус; Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат кұралдары; Алкоголь және наркотикалық заттар; Құрдастарының әсері; Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
Төменгі экономикалық-қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылык көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, олады тұткынға алып жазалайды.
Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, калталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін кылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нэзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-эрекеттерін, бұкаралык акпарат кұралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез кабылдап, шындық көреді. Міне, сондыктан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын кылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Акпарат кұралдары катігез кылмыскердің іс-эрекетінің егжей — тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабак болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы кылмысты жасаған кылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты кайталайтыны кездесіп жатады.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, кандай-да бір кылмыс түріне катыстыктары болмаса да, айғай — шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін «хипперлер”, “металистер”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жағымсыз кылыктары баспа сөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тэртібі, мінез-кұлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландыратын. Көп болып, олардың жаман жолға салынып кетпеуіне ат салысатын.
ылмысты ішімдік және наркотикалык заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездестіндіктен, арнайы зертгеу жүмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен карым-қатнаста болса, кылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі кабылдау мен қылмыстық іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Құрбы-кұрдастарынын әсері. Жасөспірімдерді заң бүзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бүзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антикоғамдық тэрбиесімен кұрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Социализациялану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында кылмыстық іс-эректке даярлану басталады. Жеткіншектерге кұрбы — күрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бүл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.
Әсер етуші келесі фактор — тұрғылықты спецефика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың занды бұзу, қылмыс жасау пайызы баска аудандарға карағанда бірнеше есе жоғары болады.
Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, кауіпсіз ошақ болса, казіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық — саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылады. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен жүз отыз жеті жасөспірімді зерттей келе, мектепті тастаудың он төрт себебін көрсеткен. Бұларға, мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, сынаптастарының кері әсері және ата-анасымен қарым- қатынасының нашарлығы, түсініспеушіліктің болуы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі, нашар бағалар, сыныптағы тәртібінің жамандығы,мектеп программасын алып жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы — бұның барлығы осындай оқушылардың қылмыска, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жасөспірімдерді “тыныштық бұзушылар” болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жасөспірімнің жаман тәрбиесін әрі карай шиеленістере түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.
Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне — жанұядағы психологиялық жағдай жэне атмосфераның әсері үлкен. Ажыраскан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес карым- катынаста болуы жасөспірімді кылмыс жолына итермелейді.
Қылмыстың психологиялык факторы:
Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі — ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шықкан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жакын болып келеді. Бірак, экесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды кылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен. Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігмен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін кайталаған. Сонымен қатар, қылмыс жасауға тұлғалык факторларда әсер ете ала ма деген сұрақка жауап іздеген. Арнайы жүргізілген зерттеу бойынша қылмыс жасағандар:өздеріне сенімді, кұкық қоргау органдарына ұнатпаушылықпеғ карау, тез ренжігіштігімен, өзін басқара алмаушылығымен, жаушылык каситтерімен ерекшеленген. Алайда, кейбіреулерінде, өзі туралы бағасыныи төмен болуы, өзін жек көру сияқгы қасиеттері кездеседі. Осындай адамдар тобы өз істеген іс-эрекетін мойындамай, барлығын коршаған орта мен адамдардан көріп, кінэлайды. Кей жағдайда заң бұзу невроз симптомы, коркыныш, мазасыздык жемісі болып келуі мүмкін. Сондай-ақ эртүрлі формадагы және деңгейдегі психопотологиядан зардап шегеді. Кейбіреулері жүйке бұзылуымен ауырады, оны психиаторлар “іс-эрекетіндегі салмаксыздық“ деп атайды.
Зерттеу нэтижесіндегі себептердің бірі — балалық шағынан бастап қамқорлык, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс- әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, кате тәрбиеленгендер баратыны да кездеседі.
Қылмыстың биологиялык факторы:
Қылмыстардың көбі сырткы себеп бойынша жасалады. Бірак, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей жэне жанама эсер етуі кездеседі. Мысалы, кылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазыгының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірак, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтынлығын білдіреді.
Биологиялық фактордың қылмыс жасауға кандай рөлі бар екенін зерттей келе, ұрпақтан ұрпакка берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаган орта факторымен гентикалык факторды коса көрсетеді.
Заң бұзушы адамның анатомия-жүйелік жүйенің бұзылысы зан кызметкерлеріне қарағанда ақырын калпына келеді. Сондыктан да жазалаудан кейін өз тәрбиелерін өзгерте алмайды.
Жасөспірімді коғам жагынан қадағалау кажет. Отбасы жасөспірімдік кылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя коғамдық кадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей кадагалау — бүл сырткы болып табылады, оған шектеулер жэне жазалаулар жатады. Ата — аналары баланың уакытында сабақтан келуін, жолдастарымен карым-катынаска түсетін кіші топтарды кадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уакытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, коеымша кадағалау — бұл сыйластық жэне махаббат. Жасөспірім ата- анасына жэне баска да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тэрбиесі мен іс-эрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына жэне басқа адамдарға махаббат, сыйластыкпен қараған бала көп жағдайда кылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіпі көңілін қалдыргысы келмейді.
Кэмелетке толмағандар арасындағы кұкық бұзушылыктың алдын алу, коғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және коғам мен өмірге ізгілікті көзкарас калыптастырып, жастарды кылмыстык кызметке жол бермейтін қағидаларға тэрбиелеу кажет.
Қазакстан Республикасында кэмелетке толмағандардың арасында кұкық бұзушылыктың алдын алу жэне балалардың қадағалаусыз жэне караусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы калыптастыру жэне дамыту жұмысы колға алынған. Бұл «Неке жэне отбасы туралы», «Отбасылык үлгідегі балалар деревнялары жэне жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазакстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жэрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі жэне спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік кұкыктық актілер және т.б.
Кэмелетке толмағандар кұкық бұзушылығының алдын алуды тікелей не| жанама көздейтін кұкықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық катынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған жэне ерекше корғау мен қолдауға мұқгаж жасөспірімдерге кажет. Балалар мен жасөспірімдерді тэрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақгауға аса назар аударып отыр.
Кәмелетке толмағандар құкык бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден баска, өтпелі кезеңнің элеуметтік- экономикалык жагымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдык жағдайының нашар болуына байланысты балабакша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары караусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп күкык бұзушылык жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
Қазакстан Республикасы Президентінің Қазакстан халкына Жолдауында жаһандык дағдарыска карамастан мемлекеттің элеуметтік саясаты — ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, камкоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жогары жэне арнайы орта білім алу мүмкіндігін камтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалакысын өсіруге бағытталып отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасында кұкык бұзушылыктың жэне балалардың кадағалаусыз, ата-анасының карауынсыз калуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың кеЛесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дэл жэне біркелкі колданылуына тиісті бақылау жэне кадағалау жасауды камтамасыз ету болып табылады.
Оку орындары, кәмелетке толмағандарға медициналык, кеңестемелік жэне баска да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұктаж немесе қатыгездік кұрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген жэне кудалау мен канауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалык жэне аныктама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік кұжаттарда мектепке бару ережесін сактау киынға соғатын, сондай-ак мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың жэне кәмелетке толмағандар кұкык бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлык буындарының арасында ынтамактастык болуын ынталандыруға, сондай-ак осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нэтижелерінің негізінде білім баскармалары кэмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-кұлык калыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар эзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тэжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға кайшы мінез-кұлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез- кұлқымен ерекшеленетін кэмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға карсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айнападағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тэжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болганда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі кұкық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ак оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден окшаулауға мүмкіндік береді. Кэмелетке толмагандардың арасында Кұқық бұзушылықтың және балалардың кадағалаусыз, караусыз калуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты эр түрлі коғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың жэне т.б. кызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кэмелетке толмағандар кұкык бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уакытын да ұйымдастырылатын эр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.
Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездіқ, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат кұралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс.
БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудын алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмагандардың құқық бүзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар күқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік баскару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мэселелерімен айналысатын жастар жэне қоғамдық үйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер күқық бұзушылығынын алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кэмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы элеуметтік нормалар мен кұндылықтарға сай келмейтін мінез-кұлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-қүлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, қүқық бұзушы немесе бастап келе жатқан кұкык бүзушы деп анықтау көп жағдайда жастардын бойында тұрақгы жағымсыз мінез-қүлық калыптасуына экеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.