- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Мемлекетіміздің заңдық базасын дамыту қашан да маңызды. Яғни, қоғам дамыған сайын заңдар да заман талабына сай жетілдіріледі, өзгертіліп, толықтырылады, сонымен қатар, жаңалары қабылданады. Жаңа Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басуында дәл осындай жаңалыққа бет бұру маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Дәл осы бағытта әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, т.б. тиімді қорғап, істерді әділ, бейтарап, уақтылы шешуді қамтиды. Атап айтсақ, Түркістан қаласы бойынша адам құқығын, оның ішінде бала құқығын қорғауға және құқықбұзушылықтың алдын алуға тиісті шаралар жүргізілуде. Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады. Осыған байланысты бірер мәліметтерімізді Түркістан қаласының тұрғындарына ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі-балалардың құқықтары мен заңды мүделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыру, әрине, бірінші кезекте-балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Кез-келген мемлекетте, қандай да бір балалар ерекше қамқорлықта және қорғауда болу керек.Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы-балалар. Әр баланың құқығы бар:азаматтыққа,отбасына,білімге,медицинаға,демалуға,қорғауға,ақпаратқа. Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік,адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі-заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздың ең басты құндылығы-адам бостандығы.
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады».Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Сондықтан біз Ата Заңды құрметтейміз. 2002 жылы тамызда Қазақстанда «бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар туралы заңы» енгізіледі. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.Олар: -1-маусым: « Балаларды қорғаудың халықаралық күні» -20 қараша : «Балалардың дүниежүзілік күні» —10 желтоқсан: «Адам құқығы күні»Балалар ересектер сияқты,негізгі қалаушы: сыйлау,қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына және бала дүниеге келген сәтінен бастап-ақ өзінің құқығына ие болады.Себебі, «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам,оның өмірі,құқығы мен бостандығы»деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы-халық. Яғни ,адам өзінің ойын ,пікірін еркін айтуға да құқылы.
«Бала бол,басқа бол-бәріне заң біреу-ақ», «Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ »деп Ж.Баласағұн айтқандай,осы сөзден мынандай қорытынды туындайды: әрбір елдің адамы,азаматы өзінің құқығы мен міндетін білуі қажет. Себебі заңдарды,құқықтарды,міндеттерді білген азамат,мемлекеттік құқықтардың не екенін түсініп,заңдарды орындайды.
Бірақ оның барлығын толық білу үшін,тек қана бойында адамгершілігі болғаны абзал. Ата заңның баптарын жүректен өткізген болса,сол адам өз құқығын дұрыс біліп,қорғай алмақ!