235 көрілім

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛДАҒАН КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

 

Түркістан қаласында орын алған кезекті алаяқтық жайты ашылды. Яғни Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Оның айтуынша, танысы Атырау қаласындағы белгілі бір компанияға вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 150 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Хабарлама бойынша Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, Полиция басқармасына жеткізді. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Сондай-ақ күдікті дәл осындай алаяқтықпен 3 тұрғынды алдап кеткен. Олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден алған. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы ретте Түркістан қаласының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді ескертеді.

Жалпы құқық қорғау қызметкерлерінің басты назарында алаяқтық қылмыстары болып отыр. Алаяқтар өздерін әлеуметтік, зейнетақы және коммуналдық мекемелердің өкілдері ретінде таныстырып, арзан бағада азық түлік және басқа да қажетті заттарды төмен бағада сатып алуға ұсыныс жасап, азаматтардың сеніміне кіріп, арбауына түсіруде.

Осыған сәйкес, бейтаныс азаматтармен сөйлескенде және кездейсоқ тұлғалармен кездескенде абай болу қажеттігін ескертеді. Көп жағдайда, алаяқтар өзінің құрбаны ретінде қарт кісілерді, қаржылық көмекке  мұқтаж азаматтарды таңдап, оларға «үй алып беремін, аз пайыздық мөлшермен несие алып беремін», – деген желеумен алдайды.

Онымен қоса, бүгінгі таңда ғаламтор желісіндегі алаяқтық қылмыстары өсім алуда. Алаяқтар әлеуметтік желілерде тұрмыстық қажетті заттарды сату-жеткізу парақшаларын ашып, алдын ала ақшасын тиісті есеп-шотқа аудартып және жеке мәліметтерін (ЖСН, жеке куәлік көшірмелерін) алып, сырттай онлайн түрде несие рәсімдеп, өздерінің қылмыстық пиғылдарын іске асыруда.

«Whats App» желісінде пайыздық мөлшермен үстемақыны көбейту секілді СМС хабарламалар келсе, оған тіркеліп, көрсетілген есеп-шоттарға ақша қаражатын аудармау қажет, бұл алаяқтың тағы да бір әдісі.     

 Сондықтан, қарапайым халықтың алаяқтардың арбауына түспеуі үшін, өздерінің жеке мәліметтерін ешкімге жарияламай, егер де басқа қаладан ғаламтор арқылы қажетті заттарға тапсырыс берсеңіз, сол қаладағы таныс, туысыңызға айтып тапсырыс алушыны тексеруді сұрап, алдын ала төлем жасамаңыз. Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болған болса, дереу полицияға хабарласуыңызды ескертеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы