Түркістан облыстық коммуникациялар қызметі орталығында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен Мәдениет басқармасы 30- тамыз ҚР Конституция күніне орай, Түркістан қаласында өткізілетін іс шаралар туралы брифинг өткізді.

Оған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев пен Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан қатысып, 30- тамыз ҚР Конституция күніне орай Түркістан қаласында өткізілетін мәдени көпшілік іс шаралар туралы баяндады.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлының айтуынша, апта бойына облыс орталығы мен аудандарда, ауылдарда жүздеген мәдени, көпшілік шаралар өткізіледі. Әсіресе, барлық өңірлерде «Мектепке жол» акциясы жалғасын табады. Сарығашта 390 орындық мектеп ашылады. Апта бойына өңірде жаңадан сегіз жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жаңа мәдени көпшілік нысандар пайдалануға беріледі. Түркістанда «Денсаулық» саябағы ашылады.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлының айтуынша, өңірде 689 мәдени мекемелер мен 395 кітапханада «Ата Заңым –айбыным», «Ата Заңым –алтын діңгегім», «Конституция-кемелдік кепілі» айдарымен мәдени көпшілік шаралар өткізілетін болады. Спикерлердің баяндауынша жүздеген мәдени көпшілік шараларға мемлекеттік бюджеттен бір тиын қаржы бөлінбеген. Брифинг соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ескендір ЕРТАЙ.
