“БЕКЗАТТА” БЕКЗАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

1  469 көрілім

Қаламыздағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан спорт саңлағы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі дода өтуде. Былғары қолғап шеберлерінің арасындағы еске алу турнирі биыл XV рет ұйымдастырылып отыр.


Халықаралық дәрежедегі жарыста 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер қолғап түйістірді. Ашылу салтанатына чемпионның ата-анасы Сейілхан және Сырлыкүл Саттархановтар, қала әкімі Рашид Аюпов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.


Сидней Олимпиадасы жеңімпазының есімін ұлықтауды мақсат еткен сайысқа республикамыздан бөлек Өзбекстан мемлекетінің спортшылары қатысуда. Шаршы алаңда 150-ден астам боксшы 14 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасатын болады. Командалық есеп бойынша жүлдегерлерді газетіміздің №40-санында қосымша хабарлайтын боламыз. Жалпы турнир 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында жалғаспақ.


Аталған спорт кешен Ер Бекзаттың балалық шағының куәсі болған “Бекзат” мөлтек ауданында орналасқан. Ал, чемпионның ағасы Болат Саттарханов нақ сол мекеме басшысы болып қызмет атқарады. Ғимарат Бекзат білім алған Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының жанында орналасқан. Сондықтан турнирдің дәл осы кешенде өтуі де тегіннен-тегін емес.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
“Түркістан”.
Суреттер автордікі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы