Бүгін Фараб кітапханасында қала күнін атап өту мақсатында «Түркістан – Жаңа Қазақстан тұғырында» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында «Түркістан – рухани құндылығымыздың астанасы» кітап көрмесі, «Қолөнерім – мол өнерім» қолөнер шеберлерінің көрмесі, «Асылдың көзі әжелер» ұлттық нақышта әжелердің бас қосуы, «Ақжайық» музыка мектебі ұлттық оркестрінің өнер шашуы, «Спорт мәңгі жасасын» спорттық – ұлттық ойындар секілді танымдық, тағылымды көрмелер өтті.

Сонымен қатар, айтулы жиын кітапхананың үлкен залындағы қала күніне арналған мерекелік концертке ұласып, «Йассы шаһары» көрініс – қойылымымен ашылды.

Сондай-ақ, ән-күймен көмкерілген кеште «Қала күні» мерекесіне орай қаланың дамуына белсенді үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімінде қала әкімі Н.Тұрашбековтің арнайы алғыс хаты табысталды.

Көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлауға қала әкімінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның өнер жұлдызы танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы да қатысып, жиынға қатысушыларды қала күнімен құттықтады.

Кеш соңы С.Мадуанидің сөзі мен Б.Сердәлінің әніне жазылған «Түркістаным-Тұраным» әнімен қорытындыланды.
Азамат ӘЛІБЕК, Дәурен ТІЛЕУХАН.