ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

1  572 көрілім

Облыс орталығына айналған қасиетті қаламызда үлкен жұмыстар атқарылып, күрделі өзгерістер болып жатқандығы баршамызға аян. Осы қыруар еңбекті өз деңгейінде атқарып, өз ісіне жауапкершілікпен қарап жүрген өңір басшыларының іс-әрекетін ерекше атап өтуге болады. Әрине күрделі өзгеріс, үлкен еңбекті қажет етеді.

Жақында Түркістан қаласында Локомотивтік пайдалану Депосында мекемесінде республикалық «Nur Otan» партиясының төраға орынбасары Бауыржан Байбек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастауыш партия төрағалары мен «Nur Otan» партиясы мүшелерімен кездесу өткізіп, тұжырымды сұхбат болды. Жиналыста Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың саясатын қолдай отырып халықпен етене жақын қарым-қатынаста жұмыс жасау қажеттігі айтылды. Халық арасында достық, туыстық өзара татулықты нығайту және халық арасындағы алтын көпірдің берік болуы жолында әрбір партия мүшесінің тікелей міндеті екендігі ескертілді.

Қазіргі таңда мемлекетіміз өркениетті ел болып, мемлекетіміз өсіп-өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп, ел болашағына әрбіріміз өз үлесімізді қосуымыз қажет екендігі сөз етілді. Әрине дана халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Бақ та, береке де бірлік пен ынтымақта екендігі анық.

Ел азаматы ретінде елдің саясатын қолдап, оған өз еңбегімізбен жауап беру басты міндетіміз деп білемін.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» деп елдегі өзекті мәселелердің бірін қозғады.

Мемлекет басшысының Жолдауын қолдай отырып, білім беру ісінде аянбай ел келешегін тәрбиелеуде адал еңбектеніп, ел тізгінін ұстайтын азаматтар жетілдіруіміз қажет деп білемін. Білім беру ісі ең маңызды да жауапты сала. Бұл салада ұстаздардың біліктілігі мен білімділігі аса маңызды. Сондықтан да ұстаздарымыз өз біліктіліктерін арттырып, жаңа бағдарлама бойынша білім берудегі курстарда оқып сертификатталған. Білім беру ісіне мемлекетіміз ерекше мән беріп, үнемі қамқорлық көрсетіп келеді. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі келешек. Ал, келешек жарқын болу үшін бүгін оның іргетасын берік қалауымыз қажет.

Өңіріміздің әрбір тұрғыны аймақтағы болып жатқан оң өзгерісті сезініп, осы маңызды міндеттерді орындауда атсалысуы қажет. Жолдауда айтылған әрбір мәселе ел қамы, ел сенімін арттыру, елдің әл-ауқатын көтеріп жаңа рух беруге бағытталды.

Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Сондықтан да «Ел бірлігі ең асыл қасиет» дегендей асыл қасиеттерімізді жоғалтпай, жарқын болашақ үшін аянбайтын, ынтымақ пен бірлікте тату-тәтті барлық қиындықтарды жеңіп, еліміздің өркендеуіне атсалысайық ардақты ағайын.

Алтынбек МОМБЕКОВ,

«Отырар» мөлтек ауданы БПҰ төрағасы, №19 жалпы орта мектебінің директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы