«Заманауи» тамақтану үрдісі қаншалықты пайдалы?

1  990 көрілім

 Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока – кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен – Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындардың  құрамында көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар бар. Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. 

     Картопты «Фри» – құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламидтің токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденген. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Қорытындылап кетсек бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей әсер береді.

    Гамбургер- құрамында катлеттер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ болғанымен,  гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін.

     Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде (роллтон, доширак) жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамына қант, глютамат натрийі, пальма майы, бояуыштар, тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар  қосылады.
     Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл – күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер.

         Қазақстан Республикасы  ДСМ-ң  2017 жылғы 16 тамыздағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №611 бұйрығының 119 тармағында жоғарыда аталған тағамдарды тәрбиелеу және білім беру объектілерін қоғамдық тамақтану ұйымдарында дайындау және өткізуге рұқсат етілмейді.Атап айтсақ,тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды, тәтті алькоголсіз сусындар, фаст-фуд, гамбургер, хот-дог, чипсілер, кептірілген нандар, қытырлақ нандар (киришки), ащы тұздықтар, ащы дәмдеуіштерді қолдану жас балалар денсаулығына  кері әсерін тигізеді.

Н. Нышанов          

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы                                                                                                                                                     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы