ПРОКУРОРЛАР МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ТІКЕЛЕЙ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ

291 көрілім

«Прокуратура туралы» Заңға 02.07.2021ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бизнесті қорғауда прокуратура рөлі күшейтілді. Енді кәсіпкерлік субъектілердің шағымдары бойынша прокурорлар мемлекеттік органдарда тікелей тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, прокурорлардың тексерісті тағайындау және жүргізу туралы шешімдері мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады. Сонымен бірге орындалуы жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға алып келсе не алып келуі мүмкін болса, прокурорлар наразылық келтірілген құқықтық актінің не әрекеттің орындалуын наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруға құқылы.
Мысалы, заңнаманың жаңа талабына сүйене отырып тексерілген қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көптеген жүйелі заң бұзушылықтар (оның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу, әкімшілік кедергілер жасау фактілері) анықталды. Атап айтқанда, 11 кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылған, керісінше 134 тұлға әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылып, бюджетке 11 млн. теңге айыппұл түспей қалған, 8 кәсіпкерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден негізсіз бас тартылса, 2 кәсіпкерге қорытынды заңсыз берілген, 6 кәсіпкердің өтінішіне кешіктіріліп жауап берілген.
Прокуратура ұсынуы негізінде 11 кәсіпкердің құқығы қорғалып, Басқарманың 3 қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 5 қызметкер (оның ішінде Басқарма орынбасары) мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін лауазымдарынан босатылды, ал Басқарма басшысы тексеру барысында өз еркімен қызметінен кетті.
Осылайша, прокурорлық тексеру нәтижесімен басқарма құрамы толығымен дерлік жаңартылды.
Үшіншіден, жоғарыда көрсетілген жолдауда Мемлекет басшысы балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын алу және оның жолын кесу ерекше бақылауда болуға тиіс екенін атап көрсетті.
Осыған сәйкес 2021 жылдан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыс туралы әріске прокуратура органдарының ерекше қадағалау тетігі белгіленді.
Ерекше қадағалау аясында тергеу барысын қадағалау үшін міндетті түрде процесс прокуроры айқындалады. Ол қылмыстық қудалау органының әрбір іс-әрекеті мен процестік шешіміне тұрақты қадағалауды, кәмелетке толмағанның жеке өміріне қол сұғылмау құқығын және қауіпсіздік шараларын қолдануды қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл арқылы кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерін және оқу орнын ауыстыру, медициналық және психологиялық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы