Түркістан қаласындағы тұрғындардың құқығын қорғау және оларға құқықтық сауаттылқ пен құқықтық мәдениет қалыптастыру бағытында қала сақшылары жүйелі жұмыстар атқаруда. Осы мақсатпен Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне кездесулер ұйымдастыруда. Кездесулерде жастар прокурорлармен, арнайы мамандардан мәліметтер алып, сұрақтарын қоюда.Құқықтық мемлекет теориясы – заңның басымдығы және әлеуметтік реттекшілік жүйесіндегі ролінің арттырылуында болып табылады. Құқықтық мәдениет және құқықтық сананың дәрежесінің төмендігі халықтың құқықтық сауаттылығы тұрғысында заңның күшінің дәрежесінің жоғарылығы қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етілудің басты маңызды жағдайы болып табылады. Азаматтардың заңға байланысты кез келген құқықтық қарым-қатынасы олардың іс әрекетінің, қарым-қатынас жасауының қайнары болып табылады. Құқықтық мәдениеттің басты көрсеткіші бұл заңды түсініп құқықты біліп ұғыну деген сөз. Халқымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамытып жоғарылату азаматтардың Заңды сайлау, құрметтеу, жоғары қою, қастерлеу сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған мәселелер Заң саласы органдарының ғана емес, бүткіл мемлекеттік органдардың, барлық қызметкерлердің стратегиялық бағдарының бірі екендігі баршамызға аян. Құқықтық мәдениет дегеніміз бұл – қоғамның, құқықтық өмірінің сапасы, халықтың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет пен қоғамның кепіл болуы. Сонымен қатар бұл- қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның, қоғамдық-құқықтық қатынасқа түсуші азаматтың құқықты ұғынуы, заң мен құқықтардың қорғалуын терең түсінуі. Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы меңгеру қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың әсер ететіндігін ұғынады. Тұлға мен қоғамның рухани құндылықтары адамның құқықтық сана сезімі арқылы айқындалады, олар бұл құндылықтарды өздерінің сезімдері, көзқарастарымен танымы арқылы танытады. Құқықтық мәдениет – нақтыланған дара мемлекеттік діни, этникалық қауымдастықтың қатысушылары белгілеген қабылдаған және олардың іс-әркеттерімен құзыреттерін реттеу үшін қолданылатын құндылықтар, құқықтық көзқарастар, наным сенімдері, сана сезімдері мен дәстүрлер қағидалары. Кез келген мемлекет аясында түрлі құқықтық мәдениеттердің болуы мүмкін, мәселен бұл жағдай көпұлтты, көпдінді қоғамдарда көрініс табады. Біздің елімізде Қазақстан Республикасында халқымыздың, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлік құқықтық мәдениетпен қатар басқа да ұлттардың дәстүрлік құқықтық мәдениеттері қалыптастырылған. Әлеуметтің жалпы халықтың құқықтық мәдениетін зерделеп анықтау үшінжеке тұлғаның, оның мотивтерін мақсатымен формаларын қабылдауын назарға алу керек. Бұл тұста мағыналы рөл құқықтық сауаттылыққа мән беріледі. Құқықтық ақпараттану мен сауаттылықты жетілдіруді қамтитын негізгі қайнарының бірі болып отыр. Құқықтық сауаттандыру дың басты қағидасына халықтың құқықты түсініп құқықтық білімінің деңгейін арттыруға деген ынта жігерлілікпен қызығушылық болып табылады. Қазіргі таңда, еліміз заманауи сапалы әлеуетке көтеріліп жоғары деңгейге шығарудағы құқықтық сауаттандыру, түсіндіру шараларына, нормативті-құқықтық шығармашылық үрдіске басым назарға алынып отыр. Құқық қорғау органдарының құзыретіне қазіргі таңда стратегиялық бағыты болып табылып отқан азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытып, құқықтық санасының әлеуетін күшейту басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе аясында құқықтық насихат жұмыстарын ауқымдандырыру, сапалық жағдайын жоғарылату іс қимылдарын жатқызамыз. Бұл орайда айта кететін жәйт, адам мен азаматтың Конституциялық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, жадпы азаматтардың құқықтық білімдері мен құқықтық мәдени этикасын оңтайландырып құру мақсатында мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары бұқаралық ақпарат құралдарында сөз қозғап, түрлі іс-шаралар, конференциялар, ашық сабақтар, семинар-брифингтер, дөңгелек үстелдер сияқты шараларды ұйымдастырып, Әділет министрлігіне қарасты ұйымдарымен, сонымен қатар облыстық мемлекеттік мекемелерімен тұрақты түрде өзара іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде барлық жалпы халық әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылары болып табылады, халыққа кез келген ақпарат қол жетімді, кез келген азамат нормативті құқықтық актілермен танысып ақпарат ала алады, жүзеге асырылып жатқан түрлі құқықтық сауаттандыру жұмыстарынан хабардар бола алады. Жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтардың басты бағыттарының бірі құқықтық нигилизммен күрес жүргізу, құқықтық сана мен мәдениетті арттыру, халықтың арасында құқықтық түсіндіру іс-шаралары көлемін күшейту болып табылады.
Қазіргі Қазақстандағы демократиялық мемлекетті нығайту үдерісіне құқықтық саясаттың әсер ету дәрежесін ғылыми тұрғыдан негіздеу үшін біздің елдің тұрғындарының құқықтық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қоғамдық-саяси құбылыс ретінде, сол байланыстар мен қатынастар жүйесіне енгізілгенін түсіну қажет.
Құқықтық мәдениет — әлеуметтік-саяси құндылықтарды нығайтатын құқықтық-саяси жүйедегі адамдардың шығармашылығының үрдісі мен нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәдениет әлеуметтік тәжірибеге еніп, жалпы адамзаттық аспектілердің біріне айналған. Қазақстанның құқықтық мәдениетінің жасаушысы да, ұйымдастырушысы да — тұлға болып табылады. Құқықтық мәдениет қызметіндегі жеке тұлға құқық пен саясат саласын меңгерген, әрі Қазақстан мемлекеті мен оның қоғамына қатысты заңдық кәсіби этикадан тұратын құқықтық мәдениетті білу маңызды. Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетінің оңтайлы шешіміне жету үшін Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетінің құндылықтары мен жүзеге асыру ережелері зерттелуі тиіс. Сонымен қатар, құқықтық және әлеуметтік-саяси жүйені жаңалау барысында біз адамдардың жеке тұлғалығы мен ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескеруіміз қажет. Мақалада құқықтық мәдениет мәселесі — қазақстандықтардың дүниетанымына құндылық мән беретін және халықтың құқықтық санасын қалыптастыру үшін негіз жасайтын «мінсіз құбылыс» ретінде қарастырылады. Мақалада құқықтық, азаматтық қоғамның жалпыұлттық мәніне және осы негізде жаңа құқықтық қоғамдық мұраттарды, нормалар мен ережелерді дамытуға баса назар аударылады, сонымен қатар қазіргі Қазақстанның құқықтық мәдениетінің негізгі проблемалары мен қайшылықтары зерттеледі. Кілт сөздер: мәдениет, құқық, саясат, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, құқықтық нигилизм, норма, әділдік, Қазақстан халқы. В статье рассматривается проблема правовой культуры как «идеального явления», придающего ценностное значение мировоззрению казахстанцев и создающего основу для формирования правосознания населения. В статье делается акцент на общенациональную сущность правового, гражданского общества и на развитие на этой основе новых правовых общественных идеалов, норм и правил, а также исследуются основные проблемы и противоречия правовой культуры современного Казахстана. Ключевые слова: культура, право, политика, правовая культура, правосознание, правовой нигилизм, норма, справедливость, народ Казахстана. Қазіргі Қазақстандағы демократиялық мемлекетті нығайту үдерісіне құқықтық саясаттың әсер ету дәрежесін ғылыми тұрғыдан негіздеу үшін біздің елдің тұрғындарының құқықтық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қоғамдық-саяси құбылыс ретінде, сол байланыстар мен қатынастар жүйесіне енгізілгенін түсіну қажет. Осы жөнінде тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандықтарға арнаған конституциялық реформалар жөніндегі Үндеуінде ерекше маңызды мәселелерге басымдық беріп кеткен болатын. Елбасының келтірген үндеулері қазақстандықтардың құқықтық мәдениетінің конституциялық негіздерінің одан әрі дамуы үшін оның өзегі бола алатын бағдарламалық құжат болып табылатындығы шүбәсіз. Сонымен, құқықтық мәдениет дегеніміз не? Құқықтық мәдениет — әлеуметтік-саяси құндылықтарды нығайтатын құқықтық-саяси жүйедегі адамдардың шығармашылығының үрдісі мен нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәдениет әлеуметтік тәжірибеге еніп, жалпы адамзаттық аспектілердің біріне айналған. Қазақстанның құқықтық мәдениетінің жасаушысы да, ұйымдастырушысы да — тұлға болып табылады. Құқықтық мәдениет қызметіндегі жеке тұлға құқық пен саясат саласын меңгерген, әрі Қазақстан мемлекеті мен оның қоғамына қатысты заңдық кәсіби этикадан тұратын құқықтық мәдениетті білу маңызды. Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетінің оңтайлы шешіміне жету үшін Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетінің құндылықтары мен жүзеге асыру ережелері зерттелуі тиіс. Сонымен қатар, құқықтық және әлеуметтік-саяси жүйені жаңалау барысында біз адамдардың жеке тұлғалығы мен ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескеруіміз қажет [1]. Құқықтық мәдениетке мынадай кіреді: құқықтық сана-сезім, құ- қықтық психология, құқықтық идеология, құқықтық білім, құқықтық эмоция және құқықтық нигилизм мен зандық идеолизм. Қазақстанның құқықтық мәдениеті әлеуметтік-саяси болмыс феномені ретінде жекелеген және оқшауланған құбылыстардан тұрмайды, бірақ біршама тұтас құрылымды білдіреді. Бұл жүйенің компоненттері ретінде жеке компоненттерге тән интегралды қасиеттерді анықтайтын тұтастық. Қазақстанның құқықтық мәдениетін әлеуметтік-саяси феномен ретінде айқындайтын көрсеткіштер мен эмпирикалық индикаторлар жүйесін құру саяси зерттеу проблемасын шешудің тұжырымдамалық құралы болып табылады деп айтуға болады. Бұл жеке тұлғаның экономикалық еркіндігі, яғни, жеке шаруашылық қызметінің кез-келген саласымен айналыса алуы деген сөз. Бұл ұғымға тұтыну еркіндігі мен жекеменшікке қол сұқпаушылық та жатқызылады. Қазақстандық қоғамда құқыққа бағынудың белгілі бір дәрежесі, оның беделі, саяси-құқықтық жүйенің әрекетін қолдайтын немесе әлсірететін түрлі бағалаулардың, моральдық және әлеуметтік-саяси ұстанымдардың, әдет- ғұрыптардың белгілі бір жалпы билігі бар екенін айту керек. Саяси-құқықтық жүйені мақұлдаумен, бағалауға, сынға алуға және жүзеге асыруға байланысты дағдылар мен құндылықтардың осы жалпылығы қазақстандық қоғамның жалпы құқықтық мәдениеті ретінде анықталуы мүмкін. Бұл құқықтық мәдениет азды- көпті дамыған болуы мүмкін, ал оның жекелеген бөліктері бүкіл мәдениетке сәйкес әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Сонымен қатар осы жалпы құқықтық мәдениеттің негізгі қағидаларынан белгілі бір ауытқуларда кездесетіні де бар
