ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМАДА ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІ ЕСКЕРІЛЕДІ

888 көрілім

«AMANAT» партиясының төрағасы Е.Ж.Қошанов партияның кезектен тыс ХХІV Съезін 2022 жылдың 6 қазан күні өткізу туралы шешімін жариялаған болатын. Осы мақсатта бүгін, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының кезектен тыс V(5) конференциясы болып өтті. Жиынға Конференция жұмысын жүргізу үшін президиумнан Сауран ауданы әкімі Ғани Рысбеков, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Асылбеков , аудандық мәслихаттың хатшысы Мейрамбек Күнпейсов және партия мүшелері қатысты.

Конференцияны аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Жақсыбекұлы ашып, жүргізді. Конференцияның күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселесі «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков баяндама жасады. Жаңа тұғырнама жобасына қатысты жарыссөзге шыққан «AMANAT» партиясының мүшесі, Аудандық маслихат депутаты Садуов Талғат, №13 жалпы орта мектебінің директоры, Шаға БПҰ тарайымы Алиева Мереке, «Жастар Рухы» Жастар Қанатының төрағасы Сайлау Жанболат өз пікірлерін білдірді.

Жаңа саяси тұғырнамада азаматтардың мемлекетімізде лайықты өмір сүруіне баса мән берілген. Атап айтсақ, олардың өз туған жерінде жоғары деңгейде білім мен медициналық көмек алуына жағдай жасау партияның негізгі міндеті ретінде қарастырылған.

Сонымен қатар, іске асырылып жатқан түрлі реформалардың негізінде «әлеуметтік ұстанымдағы мемлекет» құру бағытында еліміздегі табиғи ресурстар мен жер қойнауының игілігін барлық азаматтарымыз көрмек. Саяси тұғырнамадағы басым бағыттар осылар. Саурандық партияластар мемлекетіміздің ілгерілеуі үшін барлық салада белсенділік танытып, алдыңғы шептен көрінуге әзір,-деді С.Асылбеков.

Сондай-ақ, 30-шы қыркүйек күні өтетін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLVI (46) конференциясына партия мүшелерінің дауысқа салуы арқылы делегаттар бірауыздан сайланды.

Салтанатты шара барысында Сауран ауданы әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлы «AMANAT» партиясының жаңғыру жұмыстары аясында партияның орталық деректер базасы да жаңарып, партия мүшелерінің мәліметтері толық өңделіп жатқандығын тілге тиек етті және жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстап, партияластардың жұмысына жаңа серпін береді деген сенім білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы