САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

1  148 көрілім

«AMANAT» партиясының ықпалымен атқарылып жатқан жұмыстардың бірі Шорнақ ауылындағы Б.Майлин көшесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары. Алдағы бір ай көлемінде Қ.Досметов және С.Сариев көшелеріне де асфальт төсеу жоспарланған. Асфальт салу жұмыстарының барысын бақылауға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Мұратұлы Тұрсынбаев келді.


Қазіргі таңда аталған көшегелерге «Әзірет Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Аталған көшелердегі жолдың сапасы мен жарықтандыру мәселелері бойынша ағымдағы жылдың 6 сәуірі күні «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары шағымдарын жеткізген еді.


Бүгінде шағымдарының қараусыз қалмай, оң шешімін тапқанына ауыл тұрғындары «AMANAT» партиясына ризашылықтарын білдіруде.
Президент Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жолында «AMANAT» партиясы аянбай еңбек етуде.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Бүгінде аталған концепция аясында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толған халық мемлекет басшысына үлкен алғыстарын жеткізуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы