ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

518 көрілім

Әкімшілік сот ісін жүргізудегі қамтамасыз ету шаралары деп жауапкердің сот актілерін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе болдырмауы мүмкін әрекеттерінің жолын кесу деп түсіну керек.

Қабылданған қамтамасыз ету шаралары заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді банкроттыққа ұшыратуға, қалыпты өндірістік қызметті бұзуға, басқа тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға, жауапкердің мүлкін заңсыз тартып алуға әкеліп соқтырмауы керек.

Сот өз бастамасымен қамтамасыз ету шараларын қабылдай алмайды.

Қамтамасыз ету шаралары талап қоюшының немесе оның өкілінің арызы негізінде ғана қабылданады.

Сондықтан талап қоюшы сотқа жүгінген кезде заңнаманың бұл талабын ескеруі қажет.

Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арыз істің барлық кезеңінде: істі сот талқылауына дайындау кезінде, сот отырысында, сот актісі шығарылғаннан кейін, бірақ мәжбүрлеп орындатуға жіберілгенге дейін берілуі мүмкін.

Талап қоюшы арызында қамтамасыз ету шараларын қабылдамау сот актісін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе орындалуын мүмкін етпеуі туралы дәлелдерді көрсетуі тиіс.

Сонымен бірге қамтамасыз ету шаралары талап қоюшының мәлімдеген талаптарына сәйкес келуі қажет.

Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша дауланып отырған заттың немесе істі қарағанға дейінгі қалыптың сақталуы қажет болған жағдайларда, сот қамтамасыз ету шарасын қабылдауы мүмкін.

Талап қою арызы қанағаттандырылған жағдайда шешім толық орындалғанға дейін сот қабылдаған қамтамасыз ету шаралары күшінде болады.

Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ф.Ж.Абдукадырова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы