БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҮЛКЕН ТОСҚАУЫЛ

391 көрілім

Түркістан қаласының аумағында «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру барысында бейнекамералардың атқаратын қызметі зор. Түркістанда тәртіп түзеліп келеді. Бұған «Түркістан – қауіпсіз қала» жобасының тигізер пайдасы мол.Мақсат – айыппұл салу емес, қауіпсіздікті жандандыру масатында Түркістан қаласы Полиция басқарманың қызметкерлері жыл басынан бері бірқатар құқықбұзушылықтардың жолын кесті. Сондай-ақ бүгінде тәртіп сақшылары өз қызметінде киелі қаланы қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала ету бағытына басымдық беруде.

«Түркістан – қауіпсіз қала» жобасы 3 негізгі бағытты қамтиды.Бірінші бағыт қылмыстылықты төмендету, ал екінші бағыт қауіпсіздікті қамтамасыз ету және үшіншісі қоғамдық саяси ахуалға әсер ететін мәселелерді шешу. Талқылау нәтижесімен жоба мүдделі органдар тарапынан қолдау тауып, қала әкімімен бекітілді. Хаттама шешімімен құқық қорғау, жергілікті атқару және уәкілетті мемлекеттік органдарына жоспарланған іс-шараларды мерзімінде және сапалы іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілуде. Ал бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы ұлтаралық қақтығыстардың туындау себептерін талдау, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, экстремизм мен терроризм қауіпі бар сайттарды анықтау, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік талаптарын арттыру, төтенше жағдайлар саласында талдау жүргізу, адамдар көп шоғырланатын жерлерде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүргізуде маңыздылығын көрсетіп отыр.

–– Түркістан – руханият орталығы әрі қауіпсіз қала. Біз осы ұстанымды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Бұл ретте, киелі шаһардың тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттер мен Президент, министрлік тапсырмаларын бұлжытпай орындауға күш салып келеді. Біз үшін басты құндылық – адам мен оның құқығы. Барша әріптестерімізді, Түркістан тұрғындарын бізбен бірлесе жұмыс істеп, қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге шақырамын. Қоғам мен мемлекеттік мекемелер өзара үйлесімді байланыс орнатса ғана мемлекетіміз дамиды!  Түркістан шаһарында тұрғындармен ашық әрі тығыз байланыс орнату, «сервистік полиция» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау жұмыстары күшейтіле түсті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрақтылықты ту ету басты орынға шықты. Шаһарда «Азаматтарға арналған қабылдау» фронт-кеңсесі жұмыс істеп тұр. Жаңа орталықтың ашылуы арқылы полиция қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Кеңес беріп, жаңа форматта жұмыс істеуде. Соның бірі – арыз, шағымдарды бейнежазу арқылы қабылдау. Арнайы техникамен жарақталған бөлме бар, сол жерде шағымданушының сөзін, айғақ заттарын таспаға басып алуға болады. Бұл өз кезегінде іс қағаздарының бұрмаланбауына әсер ететін бірден-бір фактор, – деп атап өтті Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев.

Бүгінгі таңда қалада бейнекамераның көмегімен қылмысты ашудан бұрын, оның алдын алу шаралары сәтті жүзеге асырылып келеді десек болады. Бұл құрылғылар жедел жағдайды жақсартып қана қоймай, полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын нығайтты деп толықтай сеніммен айтуға негіз бар. Ал, Түркістан қаласында 836 бейнебақылау камералары бар. Оның 500-ден астамы «Сергек» камералары.

Атаулы бейнебақылау камералары жедел жағдайды жақсартып қана қоймай, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібін, заңдылығын және жұмыс сапасын нығайтты деп толықтай атап айта кеткен жөн. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға өз септігін тигізуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы