Сот реформалаудың халық үшін игілігі мол

505 көрілім

Түркістан қаласының аумағында сот төрелігіне жүгінетін және іс барысында әділдіктің салтанат құрғанын қалайтын, құқықтық сауаттылықты арттыруды қалайтын жандардың қатары аз емес екені белгілі. Осындай азаматтардың көңіл түкпіріндегі мәселелердің оңтайлы іске асуына Түркістан қалалық соты мүмкіндіктерді мейлінше іске асырып келеді. Осы жөнінде сөзімізді сабақтай түсетін болсақ. Халықтың сот саласындағы реформалардан күтер үміті мол. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан реформалар мен атқарылатын жұмыстарға қарата сенім артуда. Түркістан қаласының тұрғандары арасында сот қызметін тұтынатын азаматтардың кейбірі аталған қызметтерге өз дәрежесінде қол жеткізе алатыны жасырын емес. Сондықтан осы мәселені мейлінше насихаттау мақсатында Түркістан қалалық газетінің ақпараттық сайтында керек кеңес айдарында ұсынамыз.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген. Судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын; Облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.

Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады. Сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады. Судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы  құдіретіне жатқызылады.

Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді. Судьяларға қойылатын талаптар қатайды.Заңда тәртіптік – біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы