САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАЯНДАДЫ

416 көрілім

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейісовтың жүргізуімен аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Жиында Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков 2022 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Сауран ауданының жалпы аумағы – 721745 шаршы метрді, халық саны – 106,462 адамды құрайды. 2022 жылғы аудан бюджетінің жалпы көлемі – 8 579 402 мың теңге болса, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жергілікті бюджетке 4 116 920,8 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 105,6 пайызға немесе 219 489,8 мың теңгеге артығымен орындалған. Бюджеттің шығыс бөлігі – 3 945 421,7 мың теңгені құрап, жоспар 99,4 пайызға игерілген.


Сауран ауданының басты перспективасы – ауыл шаруашылығы саласы екендігінде аудан әкімі тілге тиек етті. Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етуді көздейтінін жеткізді. Аудан бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары – 42137,4 га орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда – 1179,4 га артып, 102,5% құраған.
Кәсіпкерлік саласы бойынша 2022 жылдың 8 айының қорытындысымен 4 млрд 388,9 млн. теңгенiң өнімі өндірілген. Жалпы ауданда 33 кәсіпорын жұмыс атқарады. Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі болып табылады. Бұдан бөлек, аудан әкімі өз есебінде шағын және орта бизнес, туризм, ауыз су, абаттандыру, жол, құрылыс, әлеуметтік салаларға жан жақты кеңінен тоқталып, атқарылып жатқан және алдағы атқарылар жұмыстарды атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы