«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Президентінің кезекті Жолдауын насихаттау мақсатында ашық жиналыс өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филалының атқарушы хатшысы С. Асылбеков, Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов және ауыл ақсақалдары қатысты. Кездесу барасында «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков Президентіміздің Жолдауын кеңінен түсіндіріп, соның ішінде үшінші бағдар «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бойынша тоқтала кетті.

Яғни, аталған бағдар аясында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударылатындығы, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатындығы, білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де берілетіндігі және еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру жоспарланғаны, жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейетіндігін жайлы жеткізді. Сөз соңында, Президент тапсырмалары мен жоспарларының маңыздылығын ескере отырып, бірлесе жұмыс атқаруға шықарды.

Сонымен қатар, жиында сөз алған Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов Жолдаудағы біршама өзгерістерді, атап айтқанда, әйелдердің зейнет жасының 2028 жылға дейін 61 жас болатындығын, Ұлттық қордағы қаржының 50 %-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аударылатындығын және кәсіпкер жастарға 2,5 % шағын несие берілетіндігі жайлы бастаманы қолдайтындығын айтты. Сондай-ақ, Жолдаудағы әр бағыттың маңыздылығы жайлы сөз қозғап, жолдауда айтылған біршама дүниелердің орындалу барысында көптеген жұмыстар атқарылатынын айтып, бірауыздан қолдауға шақырды. Ақсақалдар алқасы жолдаудағы аса басым бағыттарға назар аударып, өз ойларын білдіріп, бірауыздан қолдап, насихаттауға үлес қосатындықтарын жеткізді.