Сауран ауданы әкімінің өкімімен Тәукебаев Қуаныш Заманбекұлы Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.Қуаныш Заманбекұлы 1983 жылы 4 қаңтарда Түркістан қаласында туылған. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2008 жылы құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында іс жүргізуші болып бастаған. 2009-2010 жылдары аралағында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы міндетін уақытша атқарушы, 2011 жылы «Тәуелсіз бағалау орталығы APPARAISER» Түркістан филиалының №3 секторының маманы, 2011-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің офицері қызметін атқарған.
2015-2016 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, 2016-2018 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2018-2019 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары, 2019 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болды.
Ал, 2019 жылы Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Түркістан қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі бас инспекторының міндетін атқарушы, 2020 жылы Түркістан қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы, 2020 Түркістан қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2020-2021 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары, 2021 жылы Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы, Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметінде болды. Ал, бұған дейін Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
