Бүгін “Бекзат” секторында қала әкімі Н.Тұрашбеков тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерге құлақ түріп тыңдады. Сектор тұрғындары қала басшысына жыл басында айтылған бірқатар мәселелер өз шешімін тауып жатқандығын алға тартып, келесі мәселелерді де ретімен шешіп беруді, және сектордың болашағы жарқын болу үшін де бірқатар ұсыныстар айтты.

Қазірде «Бекзат» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 100 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы басталды. Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 4 дана трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда, сектор аумағында (Жамбыл мектебінен жоғарғы тұсы – 514 үй) электр желілерін жаңарту жобасы дайындалып жатыр.

Қазіргі таңда аумақта балаларға арналған ойын алаңшасы мен спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. 3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселіп, 53,2 км құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталды.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
