Түркістан қалалық мәдениет үйі мен Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жемқорлық пиғылдан сақтан» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.
Шараның мақсаты жастарға сыбайлас жемқорлық туралы кеңінен түсіндіру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, жастарды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету және патриоттық тәрбиеге баулу.
Іс шараға ақсақалдар алқасының мүшелері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен кітапхана мен мәдениет саласының мамандары қатысты.
Шарада Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев пен ардагерлер кеңесінің мүшесі Кеңес Мәрсәліұлы сөз алып, өз ойларын айтып өтті.
Шара барысында мәдениет үйінің әнші – термешілері өз өнерлерін көрсетті.
Іс – шара соңында қонақтар мен жастар Түркістан қалалық орталық кітапхананың дайындаған «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесімен танысты.
Лиза ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
