Бүгін Түркістан Оқушылар сарайында білім қызметкерлерінің Тамыз педагогикалық кеңесі болып өтті. Шара барысында Түркістан қаласы әкімдігінің адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы бейнеролик көрсетілді. Жиынға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаев, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы қатысты. Сонымен қатар, конференцияға құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ұстаздар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Облысымызда 510 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл Республикадағы ең үлкен көрсеткіш, әрбір 7-ші бала Түркістан облысында білім алады деген сөз. Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында. Атап айтқанда, салаға 456 млрд.тнг бөлінген. 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Өткен жылы 77 мектеп салынса, ағымдағы жылы 34 мектептіңқұрылысы аяқталып, жыл соңына дейін беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізілуде. 2021 жылмен салыстырғанда жекеменшік мектептер саны 17 артып (31%), бүгінгі таңда облыста 56 жекеменшік мектептер жұмыс істеуде. Жекеменшік мектептер есебінен оқушы тапшылық орындары шешілуде», деді Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.
Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыстағы 40 мектептің жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға өткізуге және оларды мектеп ғимаратының сыртына шығаруға облыстық бюджеттен 443 млн.тнг бөлініп, нақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығында мәлімдеп кетті.

«ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры екендігін жақсы білеміз. Бұл ғасырда сапалы білім алып, ғылымның тереңіне үңілген білікті мамандар жаһандану заманында бәсекеге төтеп бере алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастап, жаңа оқу жылын да бастаудың алдында тұрмыз. «Білім күні» жақындаған сайын біздің жауапкершілігіміз де күшейе түсетіні анық. Мұндағы басты мәселе – мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, өз баяндамамда осы білім мекемелерімен өткен оқу жылында атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар және міндеттер туралы баяндауды жөн санап отырмын. Бұл күнде қаламызда білім беру жүйесін дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Жалпы білім мекемелерін қаржыландыруға 2022-2023 оқу жылында 23 млрд. 993 млн. 56 мың теңге қаржы қаралған. Оның 10 млрд. 640 млн. 157 мың теңгесі айлық жалақыға, 677 млн. 984 мың теңгесі мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға, 6 млрд. 590 млн. 92 мың теңге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырмасын іске асыруға бағытталды. Мұның бәрі де мемлекеттің балалар болашағына жасап отырған қамқорлығы екендігі даусыз», деді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы.

Қазірде қаламызда білім беру жүйесін дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Жалпы білім мекемелерін қаржыландыруға 2022-2023 оқу жылында 23 млрд. 993 млн. 56 мың теңге қаржы қаралған. Оның 10 млрд. 640 млн. 157 мың теңгесі айлық жалақыға, 677 млн. 984 мың теңгесі мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға, 6 млрд. 590 млн. 92 мың теңге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Қаламызда жалпы 34 мемлекеттік, 19 жекеменшік мектеп бар. 34 мемлекеттік мектептің ішінде 21 жалпы орта мектеп, 5 мектеп-гимназия, 3 мектеп-лицей, 2 ІТ мектеп-лицей, 1 мектеп-интернат, 1 мектеп-балабақша кешені және 1 кешкі мектеп бар. Аталған мектептердің 15-і қазақ тілінде, 12-сі қазақ-өзбек тілінде, 5-і қазақ орыс тілінде, 2-і қазақ-өзбек-орыс тілдерінде оқытылады.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
