БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫП БАҒЫҢДЫ СЫНА

596 көрілім

Қаламызда қазан айында тұңғыш рет «Қазыбек би» қоры мен түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазыбек би оқуы болады. Қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін Қазыбек би оқулары.

Жалпы ережелер

Қазыбек би оқуларының құрылтайшылары Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түркістан қаласындағы «Қазыбек би» қорының мүшелері болып табылады. Осы ережелер Түркістан қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілетін Қазыбек би оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

Қазыбек би оқуларының міндеттері мен мақсаттары:

– Оқушылар арасында Қазыбек би шығармаларын насихаттау;

– Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын анықтау;

– Оқушылардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең мен шешендік сөздердің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

– Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

– Жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Қатысу шарттары

1. Қазыбек би оқуына қатысатын оқушының поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық, жазушылық талабы болуы және мектепішілік байқаудың жүлдегері болуы шарт. Сонымен бірге талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек.

2. Қазыбек би оқулары екі кезеңнен тұрады:

1-кезең. Мектепішілік Қазыбек би оқуларын өткізу.

2-кезең. Қалалық Қазыбек би оқуларын өткізу.

2.1. «Сыр шерткен бізге көнеден, Ұрпаққа үлгі өнегең»

Бұл айдарда үміткер Қазыбек би бабамыздың күні бүгінге дейін жеткен шешендік сөздерін немесе ел аузында сақталған бір шығармасын жатқа, мәнерлеп, образды түрде жеткізеді. Әділқазылар үміткердің шығарманы жатқа айтуы және мәнерлеп көркемдеп оқылуына баға береді. (5-10 балл)

2.2. «Ақын – ұлттың жүрегі, Шешен – көптің тірегі» айдарында үміткер Қазыбек би Келдібекұлы-ның өмірі мен өнеріне, шешендігі мен тапқырлығына, кемеңгерлігі мен кемелдігіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере отырып, әдеби эссе немесе өз шығармашылықтары бойынша өлең жазады. Оның көркемдігі, ойлылығы, тақырыптың ашылуы, оқу мәнері ескеріледі. (5-10ұпай).

Бірінші бөлімде әр оқушыға 2 – 3 минут беріледі.

Екінші бөлімде қатысушыларға 40 минут беріледі.

Қазыбек би оқуларына жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Қалалық, мектепішілік Қазыбек би оқуларын өткізудің нақты мерзімін Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы белгілейді.

Қаржыландыру

Қалалық, мектепішілік Қазыбек би оқуларын өткізуді қаржыландыруды тиісті білім беру мекемелері мен Қазыбек би Түркістан қаласындағы «Қазыбек би» қоры жүзеге асырады.

«Қазыбек би» оқуларына қатысушыларды марапаттауға және жүлделерін дайындауды Түркістан қаласындағы «Қазыбек би» қоры көтереді.

Жұмыс органдары

«Қазыбек би» оқуларының екінші кезеңін /қалалық/ дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылады.

«Қазыбек би» оқуларының қалалық кезеңін өткізудің ұйымдастыру комитеті:

– «Қазыбек би» оқуларының өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;

– Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

– «Қазыбек би» оқуларының материалдарын баспасөзге жариялауға береді.

Қазылар алқасы

«Қазыбек би» оқуларының қазылар алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерінен тұрады.

Қазылар алқасының құрамын қалалық ұйымдастыру комитетінің ұсынуы бойынша «Қазыбек би» қорының Президенті бекітеді.

Қазылар алқасы:

– Талапкердің өнеріне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды;

– Қатысушылардың өнерін бағалаудағы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

– Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.

Жүлдегерлерді марапаттау

«Қазыбек би» оқуларының ашылуы және қорытындылануы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтеді.

«Қазыбек би» оқуларының мектепішілік жеңімпаздары тиісті білім беру мекемелерінің дипломдарымен, ынталандыру грамоталарымен марапатталады.

«Қазыбек би» оқуларының екінші кезеңінің /қалалық/ жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің немесе Түркістан қаласындағы «Қазыбек би» қорының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен, ынталан-дыру грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Қазыбек би» оқуларының екінші кезеңінде 7 жүлделі орын белгіленеді:

– бас жүлде;

– 1 орын (біреу);

– 2 орын (екеу);

– 3 орын (үшеу).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы