САУРАНДА «БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙМЫЗ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

955 көрілім

«AMANAT» партиясының ұйымастыруымен елміздің барлық өңірлерінде «Балаларды мектепке даярлайық» жалпыреспубликалық акциясы басталып, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалында жалғасын табуда. Сауран ауданы аумағында жалпы 45 мектеп бар, оның ішінде 42 мектеп мемлекеттік, ал 3 мектеп жеке меншік, аудан көлемінде жалпы 23 461 оқушы білім алады. «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында 2010 жылдан бері «Балаларды мектепке даярлаймыз» акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. «Балаларды мектепке даярлық» акциясы аясында аудан көлемінде 2022 – 2023 оқу жылында 522 оқушыға көмек көрсету бекітілген болатын. Қазіргі таңда 372 оқушы демеушілердің есебінен көмек алды.

Осыған орай, бүгін кезекті қайырымдылық акциясына: «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары К.Әуен, Н.Атаева. Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейсов және Сауран аудандық мәслихатының депутаттары А.Шалданбаев,Т.Садуов халық қалаулылары қолдау көрсетіп, 50 ге жуық оқушыға, яғни ауданымыздағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке заттармен қамтамасыз етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы