ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КҮНІ АЙРЫҚША АТАЛЫП ӨТТІ

616 көрілім

Бүгін облыс орталығындағы “Түркістан Арена” стадионында Дене шынықтыру және спорт саласының кәсіби мерекесі “Спорт күніне” арналған салтанатты шара болып өтті. Жиын барысында Түркістандық спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарда жеткен жетістіктері бейнеролик арқылы көрсетілді. Салтанатты жиында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев спортшылардың жетістіктерімен танысып, спортшыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттап жеңістерімен құттықтады.

Облысымыздың атағын үлкенді кішілі жарыстарда, республикалық, халықаралық дүбірлі додаларда топ жарып, көк байрағымызды жербілетіп жүрген спортшыларымызға және шара қонақтарына облыстық мәдениет басқармасына қарасты “Фараб”, “Яссы” бишілерінің өнерімен арнайы концерттік бағдарлама қойылды.

“Құрметті облыс тұрғындары, құрметті спортшылар барлықтарыңызды бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Түркістан облысы спортшылар мен жаттықтырушыларға өте бай өңір. Оның куәсі көптеген олимпиада жеңімпаздары, Азия жүлдегерлері, әлем чемпиондары бар. Өңіріміздің спорт саласы өркендеп, дамый берсін дегім келеді. Бүгінгі жастар спортпен көбірек шұғылданса деймін. Қазір жағдай жақсы, үкімет барлық жағдайды жасап жатыр. Соның арқасында толағай тартысты жарыстарда жеңіске жетуге мүмкіндік көп”, деді футболшы Абиханов Фархат.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ресми жарыстарда Түркістан облысының спортшылары 928 медаль жеңіп алған. Жыл басынан бері 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 87 ҚР спорт шебері, 214 спорт шеберіне кандидат спортшылар дайындалды.

Спорт түрлерінен жас ерекшеліктеріне сәйкесч ҚР құрама командасына Түркістан облысының 359 спортшысы енген. Оның 148 ересек, 117 жастар және 94 жасөспрім құрамаларында ел намысын қорғауда.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы