ОН ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРҒАН ШОРНАҚ

572 көрілім

Түркістан облысында былтырдан бері жаңа аудан өз тарихын жазып келеді. Жаңа аудан деп отырғанымыз кеңес кезінде Фрунзе ауданы атанған бүгінгі Сауран ауданында тіршілік көзі қайта нәр алды. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен аудан орталығы Шорнақта қазіргі таңда қарбалас шақ. Шаруаға бейім тұрғындар күн қарасып тұрғанда егіс алқаптарынан шашау шығармай өнімді жинап алуы керек.
Жақында ауыл тынысымен таныспақ мақсатта Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердәлі Баймұратовпен тілдескенбіз.

Әкімнің баяндауынша, кент төрт елді мекеннен құралған. Шорнақ, Қосмезгіл, Аша, РЗД-32 мекендерінде 2176 жанұя бар екен. 10 ұлттың өкілдеріне құтты мекен Шорнақ ауылдық округінде қазақ, өзбек, татар, орыс, қырғыз, башқұрт, ұйғыр, түркімен, кәріс, дұңған жалпы 13094 халық тұрады. Олар Шорнақтың дамуына бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай бірлесе қызмет атқарады.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, дәстүрлі мерекелермен, әр ұлттың өзіндік дәстүр-салтын сақтай отырып, барлығына ортақ жыл басы – Наурыз мерекесінде ұлттық тәтті тағамдарымен бір-біріне сый-сияпат жасап жатады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы