Қазіргі таңда Шаға ауылдық округінде қой ешкі саны 47380 басқа жетеді. Ірі қара саны 6235- ке жетті. Түйе 192 болса, жылқы 1312-ге жетті. Қазіргі күнге жеке кәсіпкер Асылхан Мусаев «Мұса» шаруа қожалығы асыл тұқымды мал дәрежесін алып, жұмысын жалғастыруда. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында ауыл округі бойынша 1 қолдан ұрықтандыру бекеті жұмыс жүргізуде.
«Мамлакат» шаруа қожалығында қазіргі күнге құны 206 млн теңге тұратын 625 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Алаңда 625 бас ірі қара бордақылануда. Шаруа қожалығында құны 80 миллион теңге тұратын тәулігіне 15-20 бас мал союға мүмкіндігі бар мал сою бекеті ашылып, 10 адам жұмыспен қамтылды. «Мамлакат» шаруа қожалығында құрама жем шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындарының шағын мал сою алаңдарында 450 жылқы бордақылануда.
Ескендір ЕРТАЙ.