«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды ақпараттық марафон жалғасуда. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.

Ағымдағы жылдың сәуір айындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты мен міндетін, табыс табудың жолдарын түсіндіу мақсатында партиялық мобильді топ бүгін Сауран ауданы, Шорнақ ауылы тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жеке кәсіппен айналысып, кооператив құрамын дегендерге 2,5 пайыздық көрсеткішпен жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар ауышаруашылық техникасын алуға лизинг беру қарастырылған. Кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар бөлу тағы бар. Одан қалды агроөнеркәсіп саласында кәсіби біліктілігі мол мамандардан тегін кеңестер беріледі. Ал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы кооперативтердің жұмысын үйлестіріп отырады.Бұл да үлкен қолдау екенін жеткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.