Бүгін Сауран ауданы, «AMANAT» Бабайқорған бастауыш партия ұйымының төрайымы Киякова Баян Балтабаевна «AMANAT» партиясының мүшелеріне алғашқы жаңа үлгідегі билетін табыстап, шын жүректен құттықтады.
«AMANAT» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен жоспарлары туралы айта келе бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Алдағы уақытта ауылдағы партияластардың барлығы жаңа үлгідегі партиялық билеттермен қамтылатынын атап өтті. «AMANAT» партиясының мүшелері ел Президентімен бірге елдігімізді көрсетіп “Жаңа Қазақстан” жолының негізгі бағыттары бойынша өз үлестерін қосуға шақырды!