Қоғамдық қабылдау – партия жұмысының негізгі бөлігі. Осы арқылы біз өңір тұрғындарын қандай мәселелер толғандыратынын, олардың көңіл күйін біліп отырамыз. Қоғамдық қабылдау партия жұмысының жүйелілігін, партияға деген елдің сенімін көрсетеді.
Осы орайда, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Қарашық ауылдық округі әкімі аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Асаев Артур Уалиханұлы ауыл тұрғындарын арыз-шағымдары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген Құмтүйін ауылының тұрғыны Н.Алтаевтың мәселесі: Құмтүйін ауылында 300 орындық 1 ғана мектеп бар, қазіргі таңда 600 оқушы оқиды осыған байланысты 1 мектеп салып берсе деген мәселе көтерді.

Сонымен қатар Қаршық ауылының тұрғыны А.Наримбетов жалғыз басты,мүмкіндігі шектеулі екендігін айтып үй кезегіне тұрғанын, бірақ әлі ала алмай жүргендігін айтты.
Келесі қабылдауға келген Т.Тораханов Қарашық ауылы қоғамдық кеңесінің мүшесі су мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болғандықтан, су қоймасын құруды ұсынды.Сондай-ақ, Ауған соғысы ардагері З.Умаров мал бағуға жайылым жер және жас отбасыларға ауылдан жер беру мәселесін көтерді.
Аудандық мәслихатының депутаты А.Асаев заң аясында жауап беріп, депутаттық сауал жолдап, көтерілген мәселелерді өз бақылауына алатындығын жеткізді.
